Желкек қосылған тағам түрлері

0
116

Желкектің (хрен) адам саулығы мен сыртқы сұлулығы үшін пайдасы орасан зор. Оны орнымен және нұсқаулық бойынша кәдеге жарату керек. Желкектің тамырларында цитрус жемістерінен де көп С дәрумені бар. Сондай-ақ, ол фолий қышқылына және B1, B2, B6 және PP дәрумендеріне бай. Құрамында гликозидтер, полисахаридтер және калий, фосфор, кальций, магний, темір, мыс және т.б. сияқты әртүрлі минералдарды да кезіктіруге болады.

Алма мен желкек қосылған тіскебасар

Құрамы:

* қышқыл алма-2 келі

* сарымсақ-100 г

* желкек тамыры-100 г

* сірке суы — 1 шай қасық

* қант, тұз-дәміне қарай

Алманы тазалап, желкек және сарымсақты үккіштен өткізесіз. Барлығын араластырып, тұз, қант және сірке суын қосыңыз. Содан кейін 5 минут баяу отта қыздырып араластырыңыз. Осы тағамды шыны ыдысқа салып, пластикалық қақпақпен жауып, салқындаған кезде тоңазытқышқа сақтауға кеңес береміз. Егер, тағамның дәмі ащы болғанын қаламасаңыз, желкек пен сарымсақтың мөлшерін азайтыңыз. Алманы қосқанда қоспа қышқыл немесе тәтті болады. Мұндай дәм сізге ұнамаса, алманың қабығын аршуға да болады. Бұл асты ет тағамдарымен қоса тұтынуға кеңес береміз.

Шикі қызылша мен желкек қосылған тіскебасар

Құрамы:

* 1 келі қызылша

* 0,5 келі желкек

* 0,3 келі сарымсақ

* 2 ас қасық қант

* 1 ас қасық тұз

* 2 ас қасық жүзім сірке суы (6%)

Тағамды пісірер алдында барлық көкөністерді тазалау керек. Егер сізде шарап сірке суы болмаса, алманы қолдануға болады. Барлық көкөністерді ет тартқыштан өткізесіз. Ол үшін алдымен желкек пен қызылшаны кесіп әзірлеу керек. Желкектің иісін ұнатпайтындар ет тартқыштан өткен тағамды салу үшін пластикалық пакетті қолданған дұрыс. Барлық қоспаны араластырып, тұз, қант және сірке суын қосыңыз. Тағы да массаны илеп, қақпақпен немесе жабысқақ пленкамен жауып, 2 сағат қайнатыңыз. Бұл тағам дайын болғанда салқын жерде немесе тоңазытқышта сақтау керек. Желкек, қызылша, сарымсақтың күші, хош иісі және барлық пайдалы қасиеттері шамамен 2 ай бойы сақталады.

Желкек пен сірке суы қосылған окрошка

Құрамы:

* 1 л квас

* 2 шай ас қасық желкек

* 1 шай қасық алма сірке суы

* 200 г пісірілген шұжық

* жасыл пияз, редиска, аскөк

* 2 картоп

* 1 қияр

* 2 жұмыртқа

* тұз, ұнтақталған қара бұрыш

* 1 шай қасық қант

Картопты және жұмыртқаны бөлек қайнатып аласыз. Сосын екі өнімді және қиярды, пиязды жуып, кептіріп текшелеп тураңыз. Одан кейін квас, ас желкек, алма сірке суы, қант, тұз, ұнтақталған қара бұрышты қосып, араластырыңыз. Оған квас құйып, шөптерді себіңіз. Тағамды 45 минут пісіресіз.

Желкек қосылған қызылша салаты

Қайнатылған және салқындатылған қызылшаны аршып, тілімдеп кесіп, стерильденген банкаларға салып, су құясыз. 1 литр су үшін — 90 г тұз және 100 г 9% сірке суы қажет. Содан кейін қақпағын жауып, тоңазытқышқа салыңыз. Әзірлеген тағам түрін ашыту үшін 10-12 күн қалдыруға болады.

Желкек тамырынан әзір болған тағам

Құрамы:

* 120-150 г жаңа желкек тамыры

* 20 г 9% алма сірке суы

* 2 г қант

* 2 г тұз

Желкек тамырына сірке суын, қантты, тұзды қосып, жақсылап араластырыңыз. Содан кейін контейнерді мықтап жауып, қоспаны шамамен екі сағатқа қалдырасыз. Желкек тоңазытқышта және тек жабық күйде жақсы сақталады. Осылайша ол өзінің балғындығы мен пайдалы қасиеттерін сақтайды.

Желкектен аджика

Құрамы:

* 1 келі жаңа қызанақ

* 300 г тазартылған желкек

* 300 г тәтті бұрыш

* 300 г жасыл алма

* 300 г сарымсақ

* аздап тұз

Барлық қоспаны ет тартқышта немесе тамақ процессорында біркелкі массаға дейін тазалап, ұсақтау керек. Тұздап, алынған массаны жақсылап араластырыңыз және бұрандалы қақпақтары бар банкаларға құйыңыз. Дайын аджиканы тоңазытқышта шамамен 6 ай сақтауға болады.

Желкек пен қызанақ қосылған тіскебасар

Құрамы:

* піскен қызанақ — 1 келі

* бірнеше бөлік желкек

* сарымсақ

* бұрыш-1

* қант — 3 ас қасық

* тұз — 1,5 ас қасық

* алма сірке суы — 2 ас қасық

1 келі қызанақ пен желкекті, сарымсақты және бір бұрышты жуып тазалап аламыз. Оған қант, тұз, алма сірке суын қосып, блендерден немесе ет тартқыштан өткізесіз. Банкаларға құйып, тоңазытқышта сақтайсыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here