ЖОҚТЫ БАР ДЕМЕДІ…

0
540

Қала әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте жаңа оқу жылына айрықша мән қойылды. Осы орайда қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаеваның баяндамасын тыңдаған шаһар басшысы жаңа оқу жылында барлық оқушының қашықтықтан жүйелі білім алуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңа оқу жылында қалалық білім бөліміне қарасты 54 мектепке 67961 оқушы білім алады деп жоспарлануда, оның ішінде жыл көлемінде 6 жасқа толатын 7500-ге жуық оқушы 1 сыныпқа келеді деп күтілуде. Бұл көрсеткіш 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда 4500 оқушыға артық.

(2019-2020 оқу жылында барлық оқушы саны — 63303, 1 ші сынып — 8392 оқушы)

Жаңа оқу жылында 54 мектептің 47- де мектепалды даярлық сыныптары ашылады. Орын тапшылығына байланысты 7 даярлық сыныптары жұмыс жасамайды. Барлығы 171 мектепалды даярлық сыныптарына 4500 бала келеді деп күтілуде.

Оқулықтан олқылық жоқ

Жаңа оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға барлығы жергілікті бюджеттен 315 098,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыжаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 11 сыныптыңоқулықтарын сатып алуға және басқа сыныптардың қажетті оқулық қорларын толықтыру үшін бағытталған. Оқулықтарды тасымалдауға 1 389 000 теңге қаржы қаралып, «СМУ Капитал» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды.

Бүгінгі күнге 15 баспамен келісім шарт жасалып, 30 пайыз қаржысы аударылды. Баспалардан оқулықтардың 45 пайызы алынды, 25 тамызға дейін мектептерге толық жеткізілетін болады.

Мектеп салып жатырмыз

Ағымдағы жылы барлық білім беру мекемелерінде жай жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарлама аясында қалалық білім бөліміне қарасты №43,112,173,23 мектептерде және Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала мектептерінде барлық мұғалім саны — 6255. Оның ішінде компьютері жоқ мұғалімдер саны — 54. Облыстық және қалалық мұғалімдер кәсіподағының демеушілігімен 54 мұғалімге электронды құрылғылар беріледі.

Сонымен қатар 2020 жылғы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарлама арқылы қалалық білім бөліміне қарасты №143 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 138476,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 15386,0 мың теңге қаржы бөлінген.

Жаңа оқу жылында Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп күтулуде, алайда ғимарат бүгінде қалалық білім бөліміне берілмегендіктен, сол мөлтекаудандағы 1ші сыныпқа келетін балаларды уақытша №197 және №217 мектептерге қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық мектеп, Саяхат, Сырдария мөлтекаудандарда жеке инвестор қаржысымен 800 орындық 2 жеке мектеп құрылысы салынуда.

Қашықтан болса да оқиды

Жаңа оқу жылында облыстағы 50 мектеп қашықтан оқыту форматында (67497 оқушы, 83%), ауылдық 4 мектепте (№128 (123 оқушы, 22 мұғалім), 175 (100 оқушы, 26 мұғалім), №145(68 оқушы, 26 мұғалім), №215 (173 оқушы, 29 мұғалім) барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра дәстүрлі оқыту жоспарлануда.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылатын болады.

1-4 сыныптарда 31030 бала оқытылса, олардың 12418-і кезекші 835 сыныпта оқытылады деп жоспарлануда.

Мектеп әжетханаларын ғимарат ішіне ендіру бойынша ешқандай мәселе жоқ, барлық 54 мектепте әжетханалар ішке орналастырылған.

Яғни әр кезекші сыныпта 15 баладан оқытылады.

Мектептердегі қашықтан оқыту BilimLand, Дарын онлайн интернет платформалары арқылы жүргізіледі.

Дәстүрлі және кезекші тобы бар мектептерде қатаң санитарлық шаралар сақталатын болады. Мектептерді залалсыздандыру, санитарлық қауіпсіздік (байланыссыз термометр, санитайзерлер, дезинфекциялық тунельдер, дезинфекциялық кілемшелер, маскалар т.б) құралдарымен қамтамасыз етуге 36, 720 мың. тг. қаржы қажет.

Интернетпен оқи алмай жүр, талай қазақ баласы

Қашықтан оқыту бойынша оқушылар мен мұғалімдердің арнайы құрылғылармен (компьютер, ноутбук, планшеттер, смартфон) қамтамасыз етілуіне, интернет және ұялы байланыстың қолжетімділігіне мониторинг жасалды. Желіде тарап кеткен мұғалімнің бейнеролигі көптің есінде болар. Ол өзінің ғаламторға қосылуға мүмкіндігі жоқтығын көз жасын көлдете жеткізген болатын. Осыдан кейн ғаламтор желісі бармаған ауылдарды ретке келтіру қолға алынды.

54 мектепте бүгінгі күні 4414 компьютермен қамтамасыз етілген, оқу процесінде пайдаланып отырғаны — 2713, «Цифрлық портфель талабына сәйкесі – 1819, ескірген компьютер саны – 1701.

Қалада 92,4 пайыз немесе 62851 оқушы (34491 отбасы) электронды құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Электронды құрылғысы жоқ 5110 оқушыны (1277 отбасы) компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, саладағы үнемделген бюджет есебінен 47,740 мың. теңгеге 795 планшет алуға бағытталуда. Сондай-ақ, мектеп балансындағы компьютерлер уақытша пайданануға берілетін болады. Демек, әр планшеттің баға диопазоны 50000-60000 теңгені құрамақ.

Сонымен бірге, оқушыларға 15674 дана компьютерлік техникаларды (компьютер-9424, ноутбук-6250) сатып алуға сұраныс берілді. 63243 оқушы (93%) интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етілген. Интернетпен қамтамасыз етілмеген 2418 отбасын «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен мобильді интернетке қосу жұмыстары қарастырылуда. Қаладағы барлық мектептер интернет желісіне қосылған. Дегенмен, Сол жағалау, Саяхат, Сабалақ, Бәйтерек мөлтекаудандарында Интернет жылдамдығы аз. Бұл мәселе бойынша «Қазақтелеком», «Кселл», «Билайн» байланыс орталықтарына Интернет жылдамдығын күшейтуге тиісті хаттар жолданды.

Сонымен қатар үйден оқытылатын 403 оқушының 238-не «Дара» қоғамдық қорының демеушілігімен жаңа оқу жылында планшет беріледі деп күтілуде. Барлық 6255 педагог қашықтан оқытуға байланысты 17-22 тамыз аралығында арнайы онлайн курстан өтеді.

Мұқтаж отбасының бір баласына 35 500 теңге

Оқимын деген баланың бетін қақпай, белін буып, оған мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болды. Ең бастысы мұқтаж отбасының балаларын оқу құралдарымен қамтамасыз ету, әр балаға 35 500 теңге бөлу қарастырылды. Осылайша міндетті оқу қорынан 181,5 млн. теңге бөлінді. Аталған соммаға балалар аяқ киім, мектеп формасы сынды қажетті дүниелерді алады. 2020 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 2442 отбасының 5114 баласы 1-11 сыныптарда білім алуда.

Д.АМАНГЕЛДІ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here