Сот отырысы хатшысының рөлі мен міндеті

0
54

Сот отырысы хатшыларының құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Нұр-Сұлтан қалалық соты кеңсесінің» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілген бас маман-сот отырысы хатшысының лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген.

Сот отырысының хатшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, облыстардағы, Астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы сот кеңселері туралы ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Сот отырысының хатшысы лауазымына жоғары заң білімі бар не мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақтылы лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар болған жағдайда, заң мамандығы бойынша арнаулы-орта білімі бар адам тағайындалады, сондай-ақ олар кеңсе басшысы мен кеңсе меңгерушісіне бағынады және оларға есеп береді. Сот отырысының хатшысы — сот отырысының хаттамсын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекттік қызметші. Сот отырысының хатшысы: өзі хаттамалауды қамтамсыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын *түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс басқа да жағдайларды толық және дұрыс жазуға; сот отырысының хаттамамын ҚР ҚпК сәйкес белгіленген мерзімде дайындауға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, сот отырысының хатшылары тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жазып, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй ғана маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да.

Бұрын құжат айналымы, хаттамаларды толтыру қолмен рәсімделіп, кейіннен жазу машинкасында терілетін болса, бүгінде бұл жұмыста ілгерілеу бар, қазір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазба арқылы жазылып дайындалады. Барлық сот процесстеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмайды.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауап береді.

Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері де ішінара өзгеріп отырады. Десек те, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарауы қажет.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы

Г.Сайджаппарова

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here