Мемлекеттік қызметтің имиджі

0
56

Әлемдік өркениетте мемлекет ұғымы қоғам өмірінде жоғары маңызға ие. Ал мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі. Қазіргі уақытта мем-лекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.

«100 нақты қадам» жоспарының бірінші бөлігі де осы мәселеге арналған. Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңында мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық өсу моделіне көшудің құқықтық негізі нақтыланды. «Мансаптық өсу» меритократия қағидаты осының нәтижесінде қолға алынып, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі осы мандатты иеленіп, қызмет атқарып жүрген жандарға байланысты. Түптеп келгенде мемлекеттік қызметкер билік пен халықтың арасындағы алтын көпір, дәнекерге айналуы тиіс. Жұртшылықтың жанайқайын тыңдап, түйінді түйткілдерді шешуге бар ынта-жігерін бағыттау керек.

1997 жылы «Қазақстан — 2030» стратегиялық құжатында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі тиімді, заманауи мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымына ие кәсіби мемлекет құру керегі айқындалды. Бұл міндетті Елбасы әрбір Жолдауында, Үндеуінде жұртшылыққа бағыттап жүр. «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр» деп атап көрсеткен.

Мемлекеттік қызметші үнемі өзінің жоғары мәртебесіне сай болып, байыпты және кәсіби тұрғыда қалыптасуы тиіс, жылдар өте келе «кәсіби тоқырау» дегенге тартылмай, өз қызметін жақсарту жолдарын ұдайы іздестіруі қажет. Ол өз ісіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Себебі, халықпен тікелей байланысатын, көпшіліктің көңілін күпті еткен түйінді жайларды шешуге бірден-бір өкілетті тұлғаға қойылатын талаптар өлшемі уақыт ағымына сай жаңа сатыға көтеріле бермек.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.

Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадырлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткіштін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет

көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.

Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.

Әрбір мемлекетші қызметші өзінің жұмыс орындаған жеке басынның жауапкершілігімен, тәртібі мен қызметшімен әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасы, сенімі қалыптасатынын жақсы түсіну тиіс. «Өзің де жан — өзгені де жандыр» — деген ұлы қағидасы, әрбір мемлекеттік қызметшінің қағидасы болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы А.Сершеева

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here