“АУАҒА” АҚША БЕРДІ

0
39

Елімізде COVID-19 таралуының алдын алу бойынша уақтылы шаралары қабылданды. Дағдарыс барлығымызға қатты әсер етті. Қазір бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін мейірімділік пен өзара көмек көрсету қажет. Уақытылы қажетті көмек көрсетіп және бір-бірімізді қолдау арқылы біз осы дағдарыстан шыға аламыз. Осыған орай, елімізде болып жатқан ахуалға байланысты Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары да көмек көрсетіп, барлығы 33 оттегі конденсаторын, атап айтар болсақ, Үйреков Кенжебек Сисенұлы 12, Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы 12, облыстық мәслихат хатшысы депутат Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы 5, Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы 2, Жансақалов Әбдімәжит Әлмағанбетұлы 2 оттегі конденсаторын алып берді. Халық қалаулылыраның демеушілігімен алынған оттегі конденсаторларының 12-cі Байқоңыр көпсалалы ауруханасына, 16-сы Қызылорда облыстық ауруханасына, 4-еуі Қызылорда қалалық ауруханасына, 3-еуі Арал аудандық ауруханасына, 3-еуі Қазалы аудандық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Есенов Расул Әбутәліпұлы 1млн. теңге, Мақашев Бақдаулет Еркінбекұлы 3 млн. теңге қаржылай көмек көрсетіп, облыс халқының індетпен күресуіне қол ұшын созды. Елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі соңғы уақытта төмендей бастады, бірақ өкінішке орай, індеттен өлім жағдайлары тіркелген. Біз осы күндері қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне және пандемияға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүрген азаматтарға алғыс айтамыз. Халық қалаулыларының жанашырлығы ем алып жатқан жандарға үлкен демеу болуда,сондықтан қиын кезде елмен бірге болған облыстық мәслихат депутаттарына сайлаушылардың ризашылығын білдіреміз. Алдағы уақытта, осындай қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here