QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылордада компьютерсіз мұғалім қанша?

Автор:QAA.kz

Июл 27, 2020

Жаңа оқу жылында қашықтан оқыту форматын ұйымдастыру турасында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова баспасөз орталығында өткен брифинг барысында баяндады.

Жаңа оқу жылында 293 мемлекеттік және 6 жеке мектепте 168477 оқушы білім алады деп күтілуде.

Бүгінгі күні аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, облыстағы білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оқытуда ұйымдастыруда білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорларымен бірнеше рет ЗООМ платформасы арқылы жиналыстар өткізіліп, мәселелер пысықталды.

Қашықтан және дәстүрлі оқыту

Әлемдік пандемияға сәйкес жаңа оқу жылы 243 мектепте оқушылар сабақты қашықтан оқиды.

Ал, 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, «кезекші сыныптар» ашылатын болады. Ол топтарда оқушы саны 10-15 тен аспауы тиіс.

Аудан орталығынан шалғай орналасқан және шағын жинақталған 50 мектепте 4986 бала барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра дәстүрлі оқыту жоспарлануда. 

Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың электронды құрылғылармен, интернетпен қамтылуы бағытында анализ жүргізілді. Оқушылардың қажеттілігіне қарай компьютер, планшеттер берілетін болады. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылар, көпбалалы отбасының балаларына беріледі. Бұл ретте басқарма тарапы мектеп балансындағы компьютерлерді уақытша береді. Сонымен бірге, демеушілер есебінен планшеттер алып беру жұмыстары жүргізілуде.

Ал, облыста 20 259 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде компьютері жоқ мұғалімдер саны анықталуда. Облыстық мұғалімдер кәсіподағының демеушілігімен 300 мұғалімге электронды құрылғылар беріледі.

18 мың педагог қашықтан оқытуға байланысты 17-22 тамыз аралығында арнайы онлайн курстан өтеді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *