Бар дәрілердің бағасы неге қымбат?..

0
250

Сенат депутаты М.БАҚТИЯРҰЛЫ:

Соңғы төрт- бес күннің ішінде өзім танитын қаншама таныс кісілер дүние салды. Алла имандарын жолдас етсін. Солардың мезгілсіз қазаларына өзімді де кінәлі санайтындаймын. Жүрегің ау­ырады. Мүмкіндігім келгенше дәріге каржы таппай қиналған та­ныс ағайындарға көмектесуге тырыстық. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолы емес екенін білемін. «СК Формация» не істеп жа­тыр? Соңғы айларда короновирусқа қарсы республикалық бюджет­тен бөлінген 24 млд. тенге неге жұмсалды? Елде дәрі тапшылығы неге орын алды? Бар дәрілердің бағасы неге қымбат? Өз көзіммен көргенім қарапайым азаматтарымыздың көпшілігі керекті дәрі-дәрмек алуға мүмкіндігі жоқ екендігі. Сондықтан да Үкімет фарма­цевтика саласына қатаң тәртіп орнатуды тез қолға алуы керек. Мұны Президентіміз де айтты. Әрбір өңірде арнайы күндіз-түні жұмыс жасайтын штаб құрылып, оның жұмысына облыс әкімдері тікелей басшылық жасауы қажет. Әкімдердің құрғақ цифрларға құрылған үндеулері мен прес-конференцияларынан пайда жоқ. Нақты іске көшу керек. Көптеген жобаларды , әсіресе жолдарға бөлінген 700 млд тенгеге жуық ақшаны халықтың денсаулығына қарай бұрған дұрыс. Жолдардан гөрі, ұлт денсаулығы маңызды. Тұрмысы төмен отбасылары үшін індетті жеңгенше дәрілер тегін берілуі тиіс. Ұлт денсаулығы атқарушы орындардың сауатты, дер кезінде қолға алған іс- шараларына тікелей байланысты болатыны сөзсіз. Біз — бір елміз, бір ұлтпыз. Сондықтан да осы бір қиыншылықтан ұлтымыздың аман өтетініне бірлесіп атсалысайық.

Фейсбугтегі парақшасынан

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here