Сырдың субұрқақтары «АҚЫЛДЫ»

0
170

Қала келбетіне көрік қосып, көз тартарлық кескінімен ерек болған субұрқақтар турасында не білесіз? Тұрғындар көпшілікке арналған демалыс орны, әрі қаланың әсемдігі үшін салынған деп пайымдайды. Одан қалды жақындармен серуенге ыңғайлы алаң деп топшы — лайды. Шындығында, жасанды субұрқақтардың бүгінгі қызметі осы. Ал, тарих не дейді? Сіз бен бізге «фонтан» атауымен танымал субұрқақ сөзі латын тілінен аударғанда «fontana» — «қайнаркөз» немесе «бұлақ» деген мағынаны білдіреді. Алғашқыда субұрқақ деген ұғым жер бетіне қысыммен атқылап шығатын судың пайда болуынан қалыптасқан. Уақыт өте келе табиғаттың бұл тылсымын адамдар жасан — ды жолмен де жалғаған. Алғаш субұрқақты көне Рим сәулетшілері қысым арқылы су берілетін құбырлармен жасап, су ағынын небір құрылғылар негізінде ағызған. Сөйтіп, еңбекпен жасалған субұрқақтарды аулаларының, сарайларының сәнін келтіру үшін қолданған. Содан бері осы ізбен әртүрлі көлемде, әрі әдіспен субұрқақтарды жасаушылар қиялдарына ерік беріп сал — са, туындыны тамашалаушылар танданысын жасырған емес. Мәселен, Дубай қаласында әуен ырғағына сай тербелетін фонтанда 150 м биіктікке дейін су атқылайды. Ал, өзіміздің Қызылорда қаласында жыл сайын саны артып, миллиондаған қаржыға салынған фонтандардың бүгінгі келбеті қандай деген сауал толғандырып, мәліметтер қызықтырар деген оймен біз жауап іздедік. Қала орталығындағы, әрі төңірегіндегі ірі субұрқақтарға соғып, келісті кескіндерін көрдік

Орталық алаңдағы «ӘНШІ ФОНТАН»

Қаланың қақ ортасында орналақан, бүгінде жергілікті халық серуен құратын алаңдағы субұрқақ көлемі, қаржысы әрі әуенімен ерекше. Ұзындығы – 40, ені – 20 м. Су 30 метр биіктікке дейін атқылап, 168 түрлі түске енеді. Әуеннің ырғағына сәйкес, фон — таннан атқылаған су да ырғала билейді. Бұл ерекше субұрқақ қала күні қарсаңында пайдалануға берілген. Облыс орталығындағы 10-нан аса ірі субұрқақтардың ірісі осы. Тағы бір таңқаларлығы – субұрқақты іске қосып, сөндіру үшін немесе әуеніне қатысты қымет түрлері ұялы телефонның көмегімен де жүзеге асады. Бастапқыда қызық көрген халыққа мұның өзі таңғаларлық жаңалық болды. Бүгіннің өзінде маңызын жойма — ды. Жұрт аптап ыстықта фонтан жиегіне саяласа, кеш мезгілінде түрлі түсті тербелісіне зер салады. Көпшілік бұл субұрқақтың мөлдір суына, фонтан ішінің тазалығына күнделікті куә.

Жол үстіндегі СУБҰРҚАҚ

— Мама, мына фонтанды қашан қосады? — Сәл қалды, балам күте йік. Қазір ағалар келіп, қосады. — Мен фонтанның суымен тезірек о йнағым келіп тұр… Бұл – Назарбаев даңғылында жаңадан бой көтерген субұрқақта сағат 16.00 шамасында ана мен бала арасын — да өрбіген өзгеріссіз әңгіме. Қаладағы фонтандарды ара — лау барысында осылай бала арманын арқау етіп, жаңа субұрқақтың жанынан табылғандарды кездестердік. Фон — тан уақытылы іске қосылғанда қала бүлдіршіндерінің шат-шадыман сәттеріне, риясыз қуанышты кезеңдеріне куә боламыз. Тек, облыс орталығының әсемдігі үшін емес, сәбилерінің шаттығы үшін салынған туынды ма дерсіз?! Жаңа бағытта, әрі өзгеше нұсқадағы бұл субұрқақ жақында салынған. Барлық қызмет түрін арнайы ап — параттын ғана емес, қалтадағы ұялы телефонның нұсқаулығымен де жүзеге асыруға болады. Заман талабы — на сай салынған бұл фонтан бір емес бірнеше функцияға арқау етілген. Қызылордадағы соңғы үлгіде тұрғызылған бұл жаңа туынды түрлі түске боялады. Атқылаған су 8 м биіктікке дейін көтеріледі. Ұзындығы – 11м, ені – 5 м. Эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, тұрғындардың басым көпшілігі бұл қоғамдық орындарда бұрынғыдай төбе көрсетпейді. Біз барған демалыс орындарын — да баласын жетектеген тұрғындарды аз кезіктірдік. Қуантарлығы да сол. Ал жоғарыдағы диалогтың иесі, аты-жөні беймәлім қаланың бүгінгі кішкентай тұрғыны, ертеңгі бетке ұстар азаматы субұрқақтарға қатысты өзіндік пікірін жеткізді. — Мені ата-анам қалаға осылай қыдыртады. Бірақ, қазір көп шықпаймыз. Маған вирустың тез біткені керек. Күнде осындай фонтандарға келіп ойнағымыз келеді. Сосын басқаларына қарағанда, маған дәл осы фонтан қатты ұнады. Осында келіп көп достар таптым.

Тарихи ФОНТАН

Қала орталығында, Желтоқсан мен Қорқыт көшелерінің қиылысында көненің көзіндей болған тағы бір субұрқақ бар. Бүгіннің өзінде халық көп жиналатын көрікті орынның бірі де осы. Бірнеше жыл бұрын негізі қаланса да әлі де жаңа күйде. Міне, сапалы жұмыстың нәтижесі. «Еккен ағашыңа адам көлеңкелесе, сауабы мол» дегендей, аптап ыстықта шашыраған суымен жұртқа сая болған субұрқақ осынысымен де құнды.

Биші СУБҰРҚАҚ

«Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанында бой көтерген субұрқақ та қала сұлулығына сеп болған орындардың бірі. Аталған аумақтың тұрғындары үшін қолайлы дема — лыс орны болғаны да мәлім. Жобамен 70-ке жуық түсті бейнелеп, әртүрлі ырғақпен 9 метрге дейін су шаша — ды. Ұзындығы – 50 м. Бүгінде жанынан жан үзілмейтін бұл субұрқақты мердігер «Техонастка-РемСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған. Қаланың әр шетіндегі тұрғындарды біріктіретін бұл көрікті туындының салынғанына да тұрғындар бек риза. Олардың айтуларынша, серуен үшін немесе балаларға субұрқақтарды тамашалату үшін орталыққа барып әуреленбейтін көрінеді. «Бұның өзі қала тұрғындарының қажеттіліктерін жан-жақты ескерудің нәтижесі деп біліп, тұрғындар тілін ұғынған әкімге ризашылығымызды жеткіземіз» дейді.

Қала қонақтарын күтіп алушы ФОНТАН

Олай деуіміз бекер емес. Қала әкімі Н.Нәлібаев айтқандай, «Қала қонақтарын күтіп алатын қақпалардың әсемдігінен өзге, темір жол вокзалы мен әуежай алаңы көз тоярлықтай күйде болуы тиіс. Расында, айналасы абат — тандырылып, кескін келбетін айшықтайтын сәулетті нысандар бой көтергені ләзім. Сол секілді, темір жол вокзалы алдындағы субұрқақ билеген бишідей түрлі икемдерімен жолаушыларды күтіп алады. Біле білгенге, субұрқақтарды іске қосу үшін де нақты уақыттар белгіленген. Бұл фонтанның жұмыс уақытының үстінен дөп түспеген болармыз, бізді биімен күтіп алмады. Алайда, субұрқақ іші мен айналасының тазалығын жоғары бағалап қайттық. Айта кетейік, қала аумағында климатка сай субұрқақтарды көбейту басты мақсаттардың бірі екен. Мәселен, Назарбаев даңғылында енді біреуі салынса, «Сыр Ана» монументі жанынан екі субұрқақтың негізін қалау жоспарлануда. Сондай-ақ, өршіген індеттің одан әрі белең алмауы үшін барлық фонтан — дар 22.00-де сөндірілуде.

А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here