Қызылордада жаңа шектеулер енгізілді

0
1364

Қызылорда қаласында инфекцияның таралуын алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, онымен қоса, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыз болуына байланысты жаңа ҚАУЛЫ күшіне енуде.

Қаулы бойынша «қала аумағындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың (қала аумағындағы демалыс парктері, аллеялар, субұрқақтар, жағалаулар мен жағажайлар, аквапарктер және т.б. серуендеу орындары) қызметі дүйсенбі — сенбі күндері аралығында 22:00-ге дейін шектеліп, жексенбі күндері қызметін тоқтатады. Сондай-ақ, аталмыш орындарда тұрғындардың болуына» тыйым салынады.

Қызылордада кешке көліктер де демалады

Жексенбі күні қоғамдық көліктер таңертенгі  сағат 10:00-нан  18:00-ге дейін ғана жүреді. Онда да жолаушылар саны көліктегі орындықтар санынан аспауы тиіс.

Қызылордада кафелер клиенттерге дейін жеткізеді

  Әр сенбі және жексенбі күндері барлық қоғамдық тамақтану орындарының қызметін тоқтап, олардың жұмысы «клиенттерге дейін жеткізу» принципімен сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін шектеледі.

Қызылордада үйірмелер тоқтайды

Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.) қызметін тоқтатады.

Қызылордада санитариялық күнге жабылатындараз емес

Әр жексенбі күні демалыс парктер мен аквапарктер, барлық сауда  үйлері  мен базарларында, бөлек тұрған сауда нысандарында дезинфекциялық шараларды жүргізіліп, «санитариялық күнге» жабылады.

Ойын ойнайтын кез емес

00:00 сағат 2020 жылғы 27 маусымнан бастап 00:00 сағат 6 шілдеге дейін бильярд, букмекерлік және лото-, мото-конторалардың, футкордтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), ойын-сауық орталықтары, балалардың ойын алаңдары, компьютер клубтары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметі тоқтайды.

Шығарып салу мен күтіп алудың қиыны-ай

Әуежай, теміржол және автовокзалдардың басшылары қала аумағындағы теміржол, автовокзалдары, әуежай, аудан және қалааралық бағыттағы қатынас құралдарының бекеттерінде шығарып салушы  және күтіп алушы  тұрғындарды шектейді.

P.S. Штаттық режимде жұмыс істейтін дәріханалар, азық-түлік, ауыл шаруашылық нысандарына бұлшектеулердің қатысы жоқ.

Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімідігің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қызылорда қаласының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері Ж. Жетилгенова және қала әкімінің орынбасары Б. Нұриддинов мәлімдеді.

А.Әлиарыстан

                                         

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here