QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда: Демалыс күндері парк жұмысы уақытша тоқтатылады

Автор:QAA.kz

Июн 19, 2020

Қызылордада эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталмауына орай, демалыс күндеріне тиесілі жаңа шектеулер қабылданды. Қалалық әкімдік жанынан құрылған жедел штабтың шешіміне сәйкес, халық көп шоғырланатын демалыс парктерінің жұмыстары уақытша тоқтатылады. Олардың қатарында Тұңғыш Президент атындағы саябақ, темір жол вокзалы жанындағы саябақ, Б.Шөкенов атындағы және одан өзге де қала төңірегіндегі барлық парктер бар. Сондай-ақ, демалыс күндері жағалаулар мен аквапарктер де жұмыс істемейді.

Жедел штабтың шешіміне сәйкес 65 жастан асқан қала түрғындарына қоғамдық орындарға барып, көшеге шығуларына да шектеу қойылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов мәлімдеді.

Айта кетейік, аталған шешім әзірге 20-21 маусым күндеріне тиесілі.  

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *