Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0
497

Жалағаш ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Бәкіров Ерлан Әмірханұлы тағайындалды.

Ерлан Әмірханұлы 1984 жылы 12 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Осы саладағы еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облысының табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2006 жылы Қызылорда облысының тарифтер басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің жетекші маманы, бас маман;

2006 — 2011 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, бас инспекторы-құқық қорғау органдарымен жұмыс секторының меңгерушісі;

2011 – 2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің басшысы;

2016 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here