Зілтемірші Илья Ильин университетте сабақ береді

0
250

Ауыр атлет Илья Ильин Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімованың қабылдауында болды.

Кездесу барысында университет ректоры зілтеміршіні жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ алдағы жаңа оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушылары, зілтемірден әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Александровичтің дәрістерін тыңдай алу мүмкіндігіне ие болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here