Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

0
345

Қызылорда қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №88 өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызметінен бастаған.

2008-2011 жж. Қызылорда облысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;

2011-2013 жж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы;

2013-2017 жж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі;

2017-2019 жж. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;

2019 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін, Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here