Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары

0
59

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.

2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Сондай-ақ, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы да қабылданды. Стратегияның мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да Елбасымыз сыбайлас жемқорлықтың жай құқық бұзушылық емес екенін қатаң ескертіп, оған қарсы мемлекет пен қоғам жұмыла кірісу керектігін айтып, «Жемқорлық-мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер. Біздің түпкі мақсатымыз-жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін оған қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек» деген болатын.

Жалпы, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жіті қолға алынған болатын. Соған қарамастан бұл індет қоғам өмірінде анда-санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас.

Сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігі-оның көпшілікке жария етілмеуінде. Өйткені, ол екіжақты «құпия мәміле» ретінде іске асырылғандықтан, оның ашылуына екі тарап та мүдделі болмайды. Үлкен әлеуметтік қасірет саналып отырған қылмыстың бұл түрі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты алаңдатуда. Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа адамдардың заң талаптарын білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын көпшілік ескере бермейді.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабында көзделгендей пара алғанда және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367-бабында көзделгендей пара

бергенде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни жемқорлық туралы айтқанда тек пара алушыларды жою арқылы жеңуге болмайды. Ол үшін пара беруге ниетті жандардың да санасына саңылау түсіріп, жегі құрттың етек жаюына өзінің де ықпал етіп отырғанын жан-жақты түсіндірген маңызды. Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты түсінбейді.

Алайда пара алу мен пара берудің қылмыстық жауапкершілігі тең деп айтуға болады.

Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтылармыз деп санаймын.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу

сотының бас маман аға сот приставы: Б.Керуенбаев

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here