КҮНДІЗ ДЕ, ТҮНДЕ ДЕ «АУЗЫҢДЫ ЖАП!»

0
134

Әркімнің өз денсаулығы өзіне керек дегенімен жергілікті билік күндіз Жайна, Ескі базар, Ыдыстар үйі сияқты халық көп шоғырланатын сауда орындарында, түнде қалалықтар серуендейтін Орталық алаң, тағы да басқа демалыс орындарына рейд жасап, бетке бетперде мен қолға қолғапты киюді қатаң талап етуде.

Мәселен, қала әкімінің орынбасары Б.Нұриддинов пен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Есмаханов бастаған топ базар мен сауда орындарында болғанда сатушылардың да, сатып алушылардың да індеттен бейқамдығын байқады.

Қала әкімінің орынбасары Б.Нұриддинов:

— Қаншама адамға жалаңқол тауар ұсынып жатырсыз. Бірінші кезекте бізге қала тұрғындарының денсаулығы қымбат. Санитарлық дәрігердің ережесіне сәйкес кәсіпкерлікке рұқсат бердік. Алайда, қауіпсіздік сақталуы керек – деп, саудагерлерге ескерту жасады.

— Ешқандай базар жабылмайды. Егер сақтанбау салдарынан індет өршісе қайта жабылады. Сатып алушыларға сіздер де талап қойыңыздар – деп, базардағыларды түсіністікке шақырды.

— Қолдарыңызда қолғап жоқ. Қазір бір затты екінші адамға беріп жатырсыз. Аурудың таралуына себепші болуыңыз да мүмкін, — деп тағы бір ескертті.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Есмаханов:

Кәсіпкерлерге тағы да ескертеміз. 476-бап Әкімшілік кодексі бойынша төтенше жағдай аяқталғанымен, 462-бап яғни тиісті қаулыларды орындамау жауапкершілігі қаралады. Ол жерде әрбір жеке азаматқа 5 АЕК, лауазымды тұлғаға 15 АЕК, шағын кәсіпкерлікке 100 АЕК, ал егер ірі кәсіпкерлік болса 500 АЕК бойынша айыппұл қаралған.

* * *

Күндізгі рейдті түн мезгілінде жалғастырған рейдке қатысушылар қалалықтардың қараңғылықта да қала көшелерінде, серуен орындарында қаптап жүргенін байқады.

— “Қалада карантиндік режим әлі сақталуда. Бірінші кезекте үйдегі үлкен кісілердің денсаулығын ойлау керек. Түнде көп жүруге болмайды, үйде болған жөн. Қоғамдық орындарда бетперде кию керек. Бетперде жоқ болса үйге қайту керек, болса киіп алыңыздар, әйтпесе жауапкершілікке тартады” — деген қала әкімінің орынбасары Б.Нұриддинов күндіз де, түнде де коронавирустан сақтанудың бірден-бір шарты бетперде мен қолғаптың бірден-бір үгітшісіне айналған.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here