Тест кімге тегін?

0
96

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша:

COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандарға;

ЖРВИ және пневмония белгілері бар азаматтарға;

COVID-19 науқастарымен тығыз байланыста болған адамдарға;

стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі науқастарға;

тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттерге;

шетелден келген адамдарға;

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлеріне;

респираторлық вирус белгілері бар медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде иммуноферменттік талдау жедел тестілеу, полимеразды тізбекті реакция әдісімен COVID-19 тестілеу тегін жүргізіледі.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) -зерттеулер жүргізетінін хабарлады:

үй карантиніндегі байланыста болған тұлғалар;

арнайы контингент (респираторлық вирус белгілері бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);

әскерге шақырылушылар және т.б.

Бір тесттің бағасы шамамен 11,5 мың теңге. Жалпы, қызылордалықтарды ПТР арқылы коронавирусқа жаппай тексеру үшін республикалық бюджеттен 213,2 млн. теңге бөлінді. Оның 60,2 млн. теңгесі ауруханаларға жіберілген, 153 млн. теңгесі емханаларға қарастырылған. Бүгінгі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы 22 медициналық ұйыммен тест өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here