Әкім әлеуметтік желі жетегінде жүр?..

0
388

Кешегі Халықаралық Отбасы күні мерекесінде қызылордалық көпбалалы отбасы баспаналы болды. Ресми ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, “Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мереке қарсаңында 4 баланың анасы Гүлнар Қалибаеваға баспана кілтін табыстап, отбасын қуанышқа бөледі. Гүлнар осыдан бірнеше жыл бұрын отағасынан айырылып, 4 баламен жалғыз қалған. Асыраушысынан айырылған отбасының тұрақты баспанасы болмағандықтан пәтер жалдап тұрып келген. Соңғы кезде шарасыздықтан вагонды паналаған. Бұл жанұя туралы алғаш болып жергілікті журналистер мен қайырымды жандар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желіде мәселе көтеріп, көпшіліктен көмек сұраған. Осы жағдайдан кейін, облыс әкімінің тапсырмасымен көпбалалы ана әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылса, бүгін тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды. Отбасы мерекесі қарсаңында баспана бақытына бөленген Гүлнар мен балалары аймақ басшысына шексіз алғыстарын білдірді”.

Әрине, баспанадан мұқтаждық көріп, қиналып жүрген отбасына әкім көмек қолын созып, баспана кілтін табыстап жатса, құба-құп. Бірақ бүгінде мемлекет тарапынан берілетін кезексіз тегін үй жоқ. Сондай-ақ, бүгінде бір баспанаға зар болып, бәлен жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған жандар да жетерлік. Содан да болар, әлеуметтік желіде жағдайын айтып, арызданғанның кезексіз тегін үй алғанына реніш білдіріп жатқандар да бар.

Облыс, қала әкімдерінің қабылдауына қайта-қайта барып, жағдай айтып кезекке тұрғаннан гөрі әлеуметтік желіде көрінгеннің желі оңынан соғып тұрғандай. Ендеше біз де неге солай істемеске деп құлшынып отырғандар да бар.

P.S. Жалпы аймағымызда баспанаға мұқтаж жандар аз емес.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here