Сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме құқықтық кеңес беруді мақсат етеді

0
96

Елімізде індет жайлап, төтенше жағдай қалыптасты. Барлықтарыңызға мәлім, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізіліп, 2020 жылдың 11 мамырына дейін созылды.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қызметтері тоқтатылып, көптеген жеке тұлғалар және кәсіпкерлер жұмыстары мен табыстарынан айырылды, күнделікті тұрмыс-тіршіліктері тоқтады. Мемлекет тарапынан аталған тұлғаларға барынша әлеуметтік және қаржылық жағынан қолдау көрсетіліп, көптеген іс-шаралар жүзеге асырылған болатын.

Осындай жағдай тәуелсіз Қазақстанда бірінші рет орын алғандықтан соттарда іс жүргізу мәселелеріне қатысты біршама сұрақтар туындайтыны белгілі. Осы орайда, бірізділікті сақтап, бір келкі сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің кейбір сұрақтары жөнінде №1 түсіндірмесі бекітілді. Аталған түсіндірме төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша құқықтық кеңес беруді мақсат етеді. Бұл Конституцияның негізгі қағидаттары, экономиканы қалпына келтіру, қоғамның әл-ауқаты, қоғамдық келісім.

Мысалы ТЖ енгізілуіне байланысты соттар іс жүргізуді тоқтата тұрған қылмыстық істер бойынша сотталушыларды күзетпен ұстау мерзімін және өзге де процестік мерзімдерді есептеу тәртібі туралы білгісі келетіндер аз емес. Қылмыстық процестік кодекстің 342-бабының талабына сәйкес, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша сотталушының күзетпен ұстау мерзімі іс сотқа келіп түскен күннен бастап және үкім шығарылғанға дейін алты айдан аспауы тиіс.

Қылмыстық істерде төлеу міндеттелетін есептік көрсеткіштің жыл сайын жаңарып отыратыны мәлім. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) 2 778 теңге мөлшерінде болғаны белгілі. Осы ретте Жарлықтың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін және 2020 жылғы 9 сәуірде ресми жарияланғанын негізге алу қажет. Соған орай Конституцияның 4-бабы 4-тармағының және ҚК-нің 6-бабының талаптарына сәйкес айыппұл, сонымен қатар Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына өндірілетін мәжбүрлі төлем мөлшерін анықтаған кезде Жарлықтың қолданысқа енген мерзімі ескеріледі. Яғни, 2020 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 8 сәуір аралығында (қоса есептегенде) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша 2020 жылғы 1 сәуірге дейін қолданыстағы 2 651 теңге мөлшеріндегі АЕК, ал 2020 жылғы 1 сәуірден кейін 2 778 теңге мөлшеріндегі АЕК-ті қолдану қажет.

Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы Т.Алтынбаева

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here