«Ауызашар қоржыны» әкімдікі ме?..

0
166

 “Қасиетті Қадір түнінің қарсаңында Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың атынан 200 отбасыға “Ауызашар қоржыны” таратылды. Шара ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы тапсырмасымен бастау алған “Жүрек жылуы” республикалық акциясы аясында өтті. Өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаттары облыс әкімінің тұрғындарға жолдаған ізгі лебізі мен мерекелік қоржындарын жеткізіп берді”. Ресми ақпарат осылай дейді.

Қоғамда әрқалай пікір өрбіді. Кейбіреулер осыны жария етпесе, болмайды ма десе, енді біреулер бұл қоржындардың кімдерге берілгенін білгілері келеді. Ал енді біреулер маған неге бермейді, менің де жағдайым нашар деп ренжиді. Тек қалалықтарға ғана таратыпты ма, ауылдағылар ше деп ауылдағыларды да ойлағандар бар. Жалпы сұрақ: Ауызашар қоржыны неге облыс әкімінің атынан таратылды? Өзі дайындаған қоржын емес пе? Облыс әкімінің “Ауызашар қоржыны” деп неге айтылмады?

P.S. Егер де қаржылай есептер болсақ, әр қоржынға кемінде 10 мың теңгеден жұмсалса, онда 2 млн. теңге қаржы жұмсалғаны. 5 мың теңгеден болғанда да аз емес, милллион теңге екен. Бұл — өз есебіміз.

С.БИХОЖА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here