COVID-19: Қызылордада 255-ке жетті

0
666

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 255-ке жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны -210. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның екеуі – скринингтеу барысында анықталса, төртеуі – індет жұқтырғандармен байланыста болған. Ал біреуі — Шарждан келген , Алматы қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін алуда. Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3415 азамат анықталды. Оның ішінде, 1938-і жақын қарым-қатынаста, 1477-сі жанама байланыста болған», — деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here