Оқулықтарды оқушы емес, ата-ана өткізеді

0
788

Еліміздегі ахуалға байланысты биылғы оқу жылы әдеттегіден өзгеше қорытындыланбақ. Мәселен, қорытынды баға үшін оқушылар мемлекеттік емтихандарды тапсырмайды. Ал аттестатқа тиесілі баға жылдық үлгеріміне сәйкестендіріліп қойылады. Бұл туралы брифинг барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Камбозұлы мәлімдеді.

Сондай-ақ, оқулықтарды тапсыру тәртібіне де біраз өзгерістер еңгізілді. Яғни, кітаптарды оқу жылының соңында оқушылар емес, ата-аналар өткізеді. Ал олардың мүмкіндігі болмаса, 9-11 сынып оқушылары ғана жыл бойы қолданған кітаптарын білім үйлеріне өздері тапсыруға мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, оқулықтар әр мектепте еңгізілген график бойынша 23-30 мамыр аралығында қабылданады.

А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here