Кортежге рұқсат етілмейді

0
410

«Биылғы түлектер үшін салтанатты шаралар өткізіледі ме?» Бұл сауал біразды толғандырғаны белгілі.

Түлектер жыл сайын тестілеуге әзірлік жұмыстарынан өзге, мерекелік кешке жоғары деңгейде дайындалатын. Қыздар қауымы көйлектерін таңдап, шаш үлгісімен және бет әрлеу жұмыстарымен әуреленсе, жігіттер жаңа костюм алып жанталасатын. Тіпті, мектеп пен ұстаздарына бағалы сыйлықтарын да табыстайтын. Оған жалға алатын қымбат мейрамханалар мен ұйымдастырушыларға төленетін ақыны тағы қосыңыз. Нәтижесінде, ата-аналардың қалтасы біраз жұқаратын еді. Биылғы оқу жылында бұл дәстүр жалғасын таппайды. Неге десеңіз, министрлік қойған талап қатал.

Яғни, биылғы түлектерге мерекелік киім үлгілерін іздеп, әуреге салынуға негіз жоқ. Өйткені, мектеп бітіру кештерін өткізуге және автокөлікпен кортежге шығуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, ұстаздарға сыйлықтар сыйлап, негізсіз ақша жинауға да тыйым салынды. Бұл шешім біраз отбасына үнемділік сыйлары сөзсіз.

Елдегі күрделі ахуал кең көлемде атап өтілетін жиындарға тыйым салуға негіз болуда. Алайда, биылғы оқу жылының соңында қызылордалық түлектерге арналған салтанатты жиындар өткізіледі. Бірақ, сақтық шараларынан бастап, өзге де талаптарды басты назарға алу керек. Мәселен, әр мектептің сыртқы ауласында өтетін бұл жиындарға оқушылар тек мектеп формасымен қатысуға міндетті. 6060 мектеп түлектері 3-4 маусым күндері «Аттестат тапсыру» және «Соңғы қоңырау» шараларына куә бола алады. Яғни, осы негізде өткізілетін салтанатты жиындарға қатысады. Облыстық білім басқармасы басшысының

орынбасары Бағдат Камбозұлы тақырып турасындағы сауалдарға осылай үн қатты.

А.ӘЛИАРЫСТАН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here