QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

18 мамырдан бастап балабақшалар жұмысын бастайды

Автор:QAA.kz

Май 14, 2020

Қызылордада облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №12 қаулысына сәйкес 18 мамырдан меншік нысанына қарамастан күшейтілген санитарлық–дезинфекциялық режиммен балабақшалар жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов мәлімдеді.

Бүгінде облыста 576 балабақша бар( 161 мемл. 415-і жеке). Қазіргі таңда, балабақшаларды ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

-Балабақшаға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналар арасында мониторинг жүргізіледі. Кезекші топтармен жұмыс жасайтын балабақшаға бірінші кезекте ата-аналары жұмыс жасайтын, балаларды үйге қалдыруға мүмкіндігі жоқ отбасы балалары қабылданады. Алгортим бойынша балабақша ғимараты мен аумағына күшейтілген санитарлық дезинфекциялық шаралары жұмыстар жүргізілуде. Балалар учаскелік педиатордың рұқсат қағазымен қабылданады. Қызметтерлер тұрғылықты жері бойынша емханалардан денсаулығы жөнінде анықтама алады, — дейді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Айта кету керек, балабақшадағы қызметкерлер мен балалардардың өмір денсаулығына қауіпсіздігіне жағдай жасау жауапкершілігі балабақша меңгерушіне жүктеледі. Сондай-ақ, — түрлі жастағы балалардың санына байланысты топтар жасақталады. ( 1-3 жас, 3-6 жас); — карантин кезеңіне арнайы күн тәртібі бекітіледі; — өткізілетін оқу іс-әрекеттерінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *