Қызылордада COVID-19 жұқтырғандар 230-ға жетті

0
282

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 230-ға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте жаңадан 1 дерек тіркелді. Науқас – Қызылорда қаласынан. Ол қалалық емхананың фильтр бөліміне келгенде анықталды», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 3261. Оның ішінде, 1789-ы жақын қарым-қатынаста, 1472-сі потенциалды байланыста болған. Науқастардың барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here