Илья Ильин «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды

0
1125

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Илья Ильин Александрович «Мұз айдыны» спорт кешені директоры қызметіне тағайындалды.

Ильин Илья 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алды. 2009-2011 жылдары Қорқыт ата атындағы ҚМУ магистратурасын бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

9 жасында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанса, 13 жасында Қазақстан ауыр атлетикасы тарихында спорт шебері атағын иеленген ең жас спортшы болды. 17 жасында ересектер арасындағы ең жас Әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Әлем және Қазақстан Республикасының ең үздік спортшысы атанды. 2008 жылы «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын иеленген.

Төрт дүркін Әлем чемпионы (2005-2006 жж. 2011 ж. 2014 ж.) атағына қол жеткізді. Осы жеңістеріне орай мемлекеттік «Құрмет» (2005 ж.), «Барыс» (2008 ж.) және «Отан» (2012 ж.) ордендерімен марапатталған.

Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері (2005 ж.), ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2015 ж.).

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here