Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
251

Оспанов Жақсылық Әбдімәлікұлы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Жақсылық Әбдімәлікұлы 1972 жылы дүниеге келген.
1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын Дене тәрбиелеу мәдениеті, оқытушысы-жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Жаңақорған аудандық спорт клубының жаттықтырушысы ретінде бастаған.

1996 — 2016 жылдары — Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы болып жауапты қызметтерін атқарған.

2016 жылдың маусым айынан осы кезге дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here