Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.
Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген хабарламада.
Дариға Назарбаева 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламент сенатының депутаты болды. Өткен жылдың 20 наурызында депутаттар оны жоғары палатының спикері етіп сайлаған еді.
sputniknews.kz