Қызылордада Тоқаев тапсырмасы қалай орындалуда?

0
387

Биылғы жылдың 27 сәуірінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті мәлімдемесін жасап, коронавирус пандемиясының таралу жағдайының алдын алу бойынша жергілікті әкімдіктерге   бірқатар тапсырмалар берді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н.Қордабай өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте осы тапсырмалардың аймақта орындалу барысы туралы баяндады.

Төтенше жағдай кезінде облыс бойынша 54 135 халықтың жекелеген санаттары азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 адамға 5 567 теңгеден жалпы сомасы 377,9 млн. теңге көлеміндегі қаржы наурыз және 27 сәуір айлары аралығында төленді. 

Оның ішінде:

179,7 млн. теңге — атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 6-18 дейінгі балаларға;

25,8 млн. теңге — 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

124,4 млн. теңге — барлық жастағы 1,2,3 топтағы мүгедектерге;

24,1 млн. теңге —  мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға;

23,9 млн. теңге – уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздарға төленді.

Мұқтаж азаматтарға көмек көрсету үшін аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қорынан бірінші траншпен Қызылорда қаласындағы 6313 адамға 50,0мың теңгеден 315,6 млн. теңге толығымен төленді. Екінші траншпен7 796 адамға 389,8 млн. теңге көмек көрсету жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 19 наурыз — 27 сәуір аралығында8288 отбасыға 89,2 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық түрінде қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Төтенше жағдай кезеңінде жұмыстан айрылу жағдайы бойынша электронды түрде 188369 адамнан әлеуметтік төлемге (42 500 теңге) өтініш қабылданып, 179372 адамға 42 500 теңгеден 7 623,3 млн. теңгеге төлем төленді. 

Дағдарысқа қарсы шара ретінде, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту Жол картасы» әзірленді. Аталған құжат аясында 276 жоба жүзеге асырылып 9 299 жұмыс орны құрылатын болады. Жалпы құны 36,9 млрд. теңге.

Атап айтқанда:

— әлеуметтік нысандарға – 12,3 млрд. теңге (125 нысан, 3268 жұмыс орны);

— тұрғын үй коммуналдық нысандарға – 7,5 млрд. теңге (42 нысан, 1658 жұмыс орны);

— көлік инфрақұрылымына – 14,5 млрд. теңге (62 нысан, 3474 жұмыс орны);

— көркейту жұмыстарына  — 2,7 млрд. теңге (47 нысан, 899 жұмыс орны).

Төтенше жағдай кезінде халықты бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету шаралары да өз деңгейінде жүргізілуде.

Бұл мақсаттарға облыс бюджетінен 4299,4тоннаөнім сатып алуға 881,8 млн. теңге бөлінген болатын.

Оның ішінде:

— 2075,1 тонна І-сортты ұн, 200 тонна күріш, 268 тонна қант, 100 тонна рожки, 500 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 35 тонна қырыққабат, 153 тонна өсімдік майы, 68 тонна қарақұмық жармасы, 50 тонна сиыр еті, 50 тонна тауық еті, 47 тонна сүт, 12 тонна айран, 0,3 тонна ірімшік, 1 тонна сары май, 4 тонна ас тұз, 2000 мың тауық жұмыртқасы сатып алынды;

— 300 тонна күріш, 100 тонна пияз, 35 тонна қырыққабат, 50 тонна сиыр еті отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын болады.

Ағымдағы жылдың 27 сәуірі жағдайы бойынша облыстық сауда орындары мен олардың қоймаларында және Тұрақтандыру қорында 12 521,6тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры сақталып, сатылуда.

Облыста қосымша 2000 тонналық заманауи жабдықталған көкөніс сақтау қоймасы іске қосылып, қосымша сатып алынған көкөніс өнімдері осы қоймаға қабылданып сақталуда. Бүгінгі күнге облыста 27 әлеуметтік дүкен жұмыс жасап тұр. 

Сонымен қатар Мемлекет Басшысы өз мәлімдемесінде еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасақтауды тапсырды.

Оның төңірегінде жұмыстар басталып кетті. Тиісті облыстық басқармалармен бірлесіп «Кезең-кезеңімен жұмысқа кірісетін мекемелермен, ондағы жұмысшылардың саны» жасақталуда. Жалпы, бұл жұмыстар 2 кезеңмен жүзеге асырылмақшы. Бірінші кезеңде— 13 573 жұмысшысы бар 2 384мекеме іске қосылса, екінші кезеңде— 12895жұмысшысы бар 2 935мекеме іске қосылады. Барлығы 26468 жұмысшысы бар 5319 мекемелердің жұмыстары қайта жандандырылатын болады.

Осы ретте айта кету керек, Төтенше жағдай кезеңінде көктемгі егіс жұмыстары тоқтатылған жоқ.

Көктемгі-дала жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айының екінші онкүндігінде басталып кеткен болатын. Қазіргі уақытта 8,5 мың гектар күріш, 28,8 мың гектар жоңышқа, бидай, арпа және мақсары егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді. 3,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, облыстың өнеркәсіп саласындағы 12 мұнай өндіруші және 4 уран өндіруші(РУ-6, Хорасан, Байкен-U, Семізбай-U)компаниялары қызметін тоқтатқан жоқ. Қызметкерлердің келісімімен вахталық мерзім уақыты 14 күннен 28 күнге дейін ұзартылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here