QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Елімізде 4 мамырдан жұмысын бастайтын қызмет түрлері анықталды

Автор:QAA.kz

Апр 29, 2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мемлекеттік комиссияның шешімімен 4 мамырдан бастап мына қызмет түрлері өз жұмысын бастайтын болады.

1. Биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

шаштараздар (жазылу бойынша);

медицина орталықтары (жазылу бойынша);

стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

2. Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

3. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.

Өңірлердің әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдап, жұмысқа кірісетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *