МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ

0
205

Мемлекеттік қызмет – жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін абройлы міндет.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады.

Қоғам мемлекеттік қызметшіге өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжрибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды және өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтықсыз қызмет етеді деп, сенім білдіреді. Сондықтан, оған деген үлкен жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білу керек.

Қарапайым халық мемлекеттік қызметкер жұмысының қызығы мен шыжығынан бейхабар. Бұл салада жүрген азаматтар қағаздан көз алмайтын, бекітілген ереженің шеңберінде ғана әрекет ететіндей көрінетіні бар. Десек те, мемлекеттік қызмет пен шығармашылықты қатар алып жүруге қарым-қабілеті жеткен азаматтар да бар. Айта кетсем, мемлекеттік қызмет сапында жүрген азаматтарға шығармашылықпен, спортпен айналысуға, ізденуге, өздерін дамытуға қолайлы жағдай жасалған.

Мемлекеттік қызмет туралы заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс Қазақстан Рсепубликасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді. Заңда көрсетілгендей мемлекеттік қызметке кіру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілік белгілеуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдындағы жауапкершілікті терең сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін барынша көтеруі қажет деп білемін.

Мемлекеттік қызмет сапында адал, отаншыл адамдар жұмыс істеуі тиіс. Біз қабылдаған әр шешімнің артында қаншама адамдардың, отбасылардың тағдыры тұр. Мемлекеттің дамуы да біздің жұмыспен тікелей байланысты. Сондықтан да, қандай да бір шешім қабылдарда эмоцияға ерік бермей, оның салдарын саралай білуіміз керек. Халық біздің әрбір ісімізді бақылап отыр. Мемлекеттік қызметкер – бәріне жауапты.

Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым – қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Мемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым – қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу қажет.

Адам қашан да өз болмысын жоғалтып алмауы керек. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлер көптің алдында, халықтың назарында жүретіндіктен өздерінің сырт келбетіне ғана емес, рухани дүниесінің тазалығына да зер салғаны жөн.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі А.Күншығарова

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here