ДДҰ басшысы: «Ең жаманы әлі алда, COVID-19 ұзақ уақыт тарайды»

0
726

COVID-19 әлем бойынша алдағы уақытта да ұзақ уақыт тарайды, сондықтан әлем халқы абай болуы қажет. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты.

«Батыс Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы тұрақталды, жұқтырғандар азайып жатыр. Ал бірақ Африка, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде, Шығыс Еуропада вирус әлі де өршіп тұр. Көп елде пандемия енді басталып жатыр. Ал кей елде вирус қайтадан тарай бастады. Қатеге жол бермеңіздер, бұл вирус бізде әлі ұзақ уақыт таралады», — деді ол кеше Женевада өткен брифингте.

ДДҰ басшысының айтуынша, коронавирустың жаңа толқынының қаупі бар.

«Бізге сеніңіздер. Ең жаманы әлі алда. Бұл трагедияның алдын алайық. Көбі мұның қандай вирус екенін әлі күнге дейін түсінбей жатыр», — деп келтіреді Гебрейесустің сөзін Politico басылымы.

Сондай-ақ, ол қазір болып жатқан пандемияны 1918 жылы 100 миллион адам қайтыс болған індетпен салыстырды.

«Бірақ қазір бізде технология бар, апаттың алдын ала аламыз, осы дағдарысқа төтеп бере аламыз», — деді ДДҰ басшысы.

Kaz.tengrinews.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here