QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

90 мыңға жуық қызылордалық 42 500 теңге алды

Автор:QAA.kz

Апр 14, 2020

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған облысымыздың 89018 тұрғыны 42500 теңгелік төлемді алды.

14 сәуір сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының базасына 42500 теңге алу үшін барлығы 118949 өтініш түскен. Соның ішінде 89018 өтініш қаралып, автоматты түрде төлем жүргізілді. Сонымен қоса, 30000 мыңға жуық азаматтың құжаттары дайындалып, автоматты түрде төлемдерді төлеуге жолдануда.

Айта кетейік, азаматтардың жеке мәліметтерін тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалына жіберіледі. Мемлекеттік корпорация оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz вебсайты және Telegram-бот арқылы онлайн түрде өтінішті жолдауға болады.

Электронды түрде түскен өтініштер жұмыспен қамту органдары жанынан құрылған штабтарда қаралуда. Күнделікті түскен өтініштерге сол күні төлем жасау жүргізілуде. Филиалымыздың әлеуметтік сала бойынша мамандары күні-түні жұмыс жасауда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *