Елдегі төтенше жағдай режимі ұзартылды

0
557

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде аяқталуы тиіс төтенше жағдай режимін ұзарту жөніндегі шешімді қабылдады.

«Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here