«Бірлесе білген ел бәрін жеңеді»

0
278

«Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаған. Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесінде кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Қазақ халқы бұдан да қиын кезеңдерді бірлікпен, ымырамен һәм келешекке деген нық сеніммен еңсерген. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқанымыз да осы Тұңғыш Президентіміздің жүйелі жұмысының нәтижесі дер едім. Өйткені осынау ел басына қиын қыстау күн туғанда елмен бірге болып отандастарды бір болуға, баршаны сабырға шақыруда. Үндеуде ең біріншіден халықтың денсаулығы мен аман-саулығы және әр адам өмірінің құндылығын бағалау басты назарға алынған. Елбасының бұл үндеуі елге үлкен үміт, сенім білдіру арқылы әрбір қазақстандыққа рух бергендей. Ойымды түйіндей келе, Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуі ел жұртты татулық пен достыққа шақыра отырып, ойшылдардың ойын, ойып тұрып жеткізген мақала дер едім.

Лайым, еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың дені сау болсын!

Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here