QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың орынбасарлары тағайындалды

Автор:QAA.kz

Апр 6, 2020

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Ахмет Серік Әбжәліұлы мен Сүлейменов Серік Жүсіпұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Серік Әбжәліұлы 1961 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған облысындағы «Октябрдің 40 жылдығы» атындағы кеңшардың қарапайым жұмысшысы ретінде бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Мемлекеттік хатшы хатшылығының меңгерушісі және Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Бүгінгі күнге дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Облыс әкімінің орынбасары ретінде Серік Әбжәліұлы аймақтың ішкі саясат, жастар мәселесі, мәдениет пен спорт және жұмылдыру дайындығы салаларына жетекшілік жасап, облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыратын болады.

Серік Жүсіпұлы 1966 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математика» және «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде және квазимемлекеттік секторларда жауапты қызметтер атқарған.

Облыс әкімінің орынбасары ретінде Серік Жүсіпұлы құрылыс, энергетика, тұрғын үй және көліктік инфрақұрылымды дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *