Әбдіқалықованың көңілі толмайды…

0
472

Қызылорда облысының жаңадан тағайын­далған әкімі Г.Әбдіқалықова аймақтағы коро­навирус індетінің таралуына орай жедел штаб отырысын өткізді. Дәл қазіргі уақытта қызылордалықтар үшін жаңа әкімнің әрбір сөзі, әрбір ісі тың жаңалық. Қанша дегенменен, істен бұрын сөзге қарап, баға беріп үйренген халықпыз…

 — Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарға көңілім толмайды. Бүгіннен бастап коронавирус індетінің алдын алу бойынша жедел штабты өзім басқарамын. Сондықтан облыс әкімінің аппараты, қала және аудан әкімдері сіздерден төтенше жағдай мерзімінде тәулігіне 24 сағат жұмыс екендігін ескерткім келеді. Әріптестер жағдайды біз әлі толық түсінбей отырмыз. Сондықтан бұны мойындау керек. Телефон қосулы болып, жедел әрекетке дайын болыңыздар.

— Қызылорда қаласында коронавирус инфек­­циясымен тіркелген науқастардың кө­беюі­не байланысты қала әкімдігіне 200млн.теңге қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылсын. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы аймақтағы ірі компаниялардың барлығы жұмысшыларын өз қаражаты есебінен коронавирусты анықтайтын тесттен өткізуіне ықпал жасасын. Коронавирус індеті анықталған жағдайда жергілікті жердегі тұрғын үйлер мен ауылдарда карантин ережелерін қатаң сақтасын. Полиция қызмет­керлерімен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын.

— Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапа­сы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің арасында өзара нақты байланыс жоқ. Оған дәлел, Қызылорда облысында тіркелген екінші науқас туралы ақпарат рес­публикалық сайтқа 29 наурыз күні сағат 9-да жарық көрсе, облыстық өңірлік коммуникациялар қыз­метінің брифинг орталығында тек 12-де жа­рия­ланды. Оперативті түрде бұны жеткізіп тұруымыз керек. Интернет бар, сайттар бар. Барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Тұр­ғындардың түрлі келеңсіз талқылауынан кейін журналистер нақты ақпаратты 3 сағаттан кейін ғана алуға мәжбүр. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланған. Қаулының мәтіні түсініксіз. Қарапайым тұрғындардың оқуына өте ауыр. Құжатта қателіктер көп.

— Азық-түлік мәселесіне байланысты біз осы жерде тағы қарайық. Үкіметпен сөйле­сейік. Көрші облыспен сөйлесейік. Қандай мүмкіндіктер барын.

— Жол картасы болады. Әр ауданға өзінің бөлінген лимиті бар. Менің ескертетінім, бір тиын шашау қыл­май, ешқандайда жемқорлыққа жол бермей, халыққа тиімді жететін болсын. Қазір халық қарап отыр. Ең басты мәселе — отбасын асырау. Сондықтан, бұл жерде халықты ашуландырмай, «ақша түсті», «көп ақша қолымызға тиді» екен демей соны әрбір азаматқа жеткізетін болайық.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here