Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 7 қадамы

0
113

Өңірдегі індет салдарынан банк жұмысы уақытша жаңа жүйеде жұмыс жасайды. Өз клиенттерімен онлайн режимде байланыста болатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ұжымы 7 қадамды негізгі алады.

1. Уақытша қаржылық қиындыққа ұшыраған клиенттер, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2020 жылғы 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемді 90 күнге шегеруге мүмкіндік береді. Шегерілген төлемге негізгі қарыз да, несие сыйақысы да кіреді. Бұл жазылған өтініш негізінде жүзеге асырылады. Өтініште кейінге шегерудің не себепті қажет болғанын көрсету керек, бірақ банк қосымша растау құжаттарын талап етпейді. Төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі автоматты түрде беріледі. Алайда өтінішті дәл осы сәтте берудің қажеті жоқ, оны кейінірек жасауға мүмкіндік барын ескеріңіз.

2. Төлемді шегеру туралы өтініш Төтенше Жағдай аяқталған соң интернет-банкинг арқылы қабылданады. Барлық өтініш мақұлданады. Шегеруді 2020 жылғы 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдерге қатысты қолдануға болады. Онлайн-өтініш беру кезінде 2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша уақытылы өтелмеген несие төлемі болмауы керек екенін ескеріңіз. Төлемді кейінге шегеру несие мерзімін 3 айға ұзарту арқылы жүреді. Бұл сізге ай сайынғы төлем көлемін қалыпты деңгейде ұстап қалуға көмектеседі.

3. Алдын-ала және аралық заем алушылар тұрғын үй заемына өту мерзімі шегеру уақытына ұзартылатынын ескеруі тиіс.

4. Сондай-ақ, 2020 жылғы 16 наурыз бен 16 маусым аралығында уақытылы өтелмеген төлемдер бойынша айыппұл және өсімпұл қосылмайды. Осы үш ай ішінде негізгі қарыз бен сыйақыны қолайлы сәтте толық өтесеңіз, төлемдерді кейінге шегеру туралы өтініш бермей-ақ, қолайлы несие өтеу кестесін таңдап, айдың кез келген күнінде қарызды өтей аласыз. Мұны үйден шықпай-ақ онлайн жасауға болады.

5. Бөлімшелерде несие өтініштерін қабылдауды, посткредит және постдепозит операциялары уақытша тоқтатылады. Бұл кезде Банкке келіп, тек екі операцияны қолдана аласыз: депозитті бөлу/тоқтату арқылы ақшаңызды алу, сондай-ақ заемның бір бөлігін жабу немесе оны толықтай өтеу. Бұл операцияларды пайдалану үшін банк сайтындағы онлайн-брондау арқылы алдын-ала жазылу керек. Егер талапты орындамасаңыз қызмет көрсетуден бас тартуға мәжбүр болады.

6. Мақұлданған барлық несие өтініштері клиенттің ұялы телефонымен жеке хабарласу арқылы берілетін болады. Қазір 1000 шамасындағы несие өтініші қарастырылуда, 200 өтініш берілу кезеңінде. Карантин аяқталғанша сатып алу-сату мәмілесін жасаспауға кеңес беріледі.

7. Несие өтеу және депозит толықтыру қаладағы карантин режимінде ашық тұрған орындарда орналасқан төлем терминалдары арқылы жүзеге асады. Алайда сауда-ойын орталығы мен базар іздеп қалада жүрмей, төлемді ЖССБ 24 интернет-банкингі арқылы жүргізуге болады. Мұнда кез келген банктің төлем картасын қолдана аласыз.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here