Әбдіқалықова өз еркімен қызметінен кетуде

0
2338

Осыдан бір жыл уақыт бұрын Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің басшысы болып тағайындалған Меруерт Әбдіқалықова туралы жалпы жұртшылық пікірі жаман емес. Сала басшылығына келгелі бері қала мектептерінде оң өзгерістер байқалып, білім жүйесі біршама жақсы өзгерістерге жетті. Тіпті, мектеп директорына конкурстың әділ өтетіндігі де айтылып, жазылып жүр. Қызылорда облысы әкімі болып Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың тағайындалуына орай, Меруерт Наушақызы өз еркімен қызметтен кетуге өтініш білдіріпті. Меруерт Наушақызының әзірге қызмет бағдары белгісіз. Дегенмен, жақсы адамға қайда да төр ұсынылары белгілі.

Айта кетейiк, Меруерт Әбдіқалықова бөлім басшылығына дейін мектеп директоры қызметін атқарды. Ол “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” атанып, “Үздік педагог” атағының иегері болды. Сондай-ақ, Қазақ тілі мамандарына арналған “Тілдер нормасы” әдістемелік нұсқаулығының авторы.

А.Әлиарыстан

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here