Нұр-Сұлтанның бас судьясына жеке ұшақты кім жалға әпергені анықталды

0
311

Нұр-Сұлтанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Германияда коронавирус жұқтырған астаналық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Бұған дейін БАҚ-та оның жеке ұшақ қызметін пайдаланғаны хабарлаған.

«Тексеру барысында жеке ұшақты Германияда медициналық операция жүргізу үшін Бәрпібаевтың туысы (қайын атасы) болып табылатын бизнесмен жалға алғаны анықталды», — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода.

Бәрпібаевтың судья этикасын сақтау мәселелерін жоғарғы сот комиссиясы тексереді, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.

Тілектес Бәрпібаев  Германияда жүргенде коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық болды. Оның туыстары Қазақстанға бизнес-джетпен оралды. Алматыға келгеннен кейін оларды карантинге жіберді.

stan.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here