Талаптардың орындалуы басты назарда

0
182

Қызылорда қаласы әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы жедел штаб отырысы өтті.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай қала әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтар тәулік бойы тиісті нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік шараларын жан-жақты жүргізуде.

Қала әкімі, жедел штаб төрағасы Н.Нәлібаев мобильдік топ мүшелеріне қала аумағындағы қауіпсіздік шараларды одан әрі күшейтуді тапсырды. Қала дәріханаларында бетперде мен залалсыздандыру құралдарының тапшылығын болдырмауды, азық-түлік және халық күнделікті көп тұтынатын тауарлардың бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеуді, сондай-ақ нұсқаулыққа сәйкес қаладағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, шаһар басшысы бұған дейін қаладағы адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, тиісті құзырлы органдар мен сала басшыларына, нысандардың иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсыра отырып, оның орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізген болатын.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here