ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ТОҚТАУ БОЛАДЫ МА?

0
159

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев:

«Төтенше жағдай кезінде айыппұл мен өсімпұл салмау жөніндегі шектеуден басқа, дағдарысқа ұшыраған халықтың барлық несиелері бойынша негізгі қарызды төлеуді тоқтата тұру қажет».

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев:

“Көптеген отандастарымыз жағдайдың қиындығына байланысты ломбард, онлайн кредит, микроқаржылық ұйымдарға барып жатыр.

«Бұл саланы тәртіпке келтіру маңызды. Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі, Бас прокуратура, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң сақталуы үшін ауқымды акция жүргізіп, заң бұзушыларды жауапқа тартуды тапсырамын. Бұл БАҚ-та және әлеуметтік желіде жариялануы қажет. Қиын жағдайда қазақстандықтардың құқығын мемлекет қорғайтынын білуі маңызды”.

Банктер өз тарапынан мынадай қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады:

1. ҚР-да төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде қарыз алушыларда төлемдер бойынша мерзімін өткізу бойынша айыппұл мен өсімпұлды есептемеу. Бұл шараның қолданылуы үшін жеке тұлғалар банкке өтініш жасамайды.

2. ҚР-дағы төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына тиісті түзетулер қабылданғаннан және күшіне енгеннен кейін жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен астам өткен кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша пайыздық сыйақы есептеу тоқтатылсын. Бұл шараның қолданылуы үшін де банкке жүгінудің қажеті жоқ.

3. Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеке тәртіпте кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша мерзімін 90 күнге дейінгі кейінге қалдыру және берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Банктер көрсеткен ресурсқа немесе арнаға (электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн жүйесі, банктің интернет ресурсы) жазбаша түрде жіберілген қарыз алушылардың онлайн өтініштерін банктер қарайтын болады. Әр банк үшін өтініштерді қабылдаудың бөлінген арнасы туралы ақпарат оның интернет ресурсында орналастырылады.

Банк өтінішті қарау барысында қажетті растайтын құжаттарды сұратады және қарыз алушыға қарау нәтижелерін хабарлайды.

Қазақстан қаржы нарығының қатысушылары Үкімет пен қаржы секторының шараларды іске асыруы нәтижесінде отандық бизнеске қажетті көмек көрсетілетін болады, сондай-ақ борыштық және салық ауыртпалығын азайту, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халық үшін әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етіледі деп сенеді.

Halyk Bank

Қазақстанның жетекші банкі ретінде Halyk Bank бүгінгі күні елде орын алған төтен­ше ахуалға байналысты отан­дастарымыздың жағдайына алаңдаулы. Сол себепті Банк Үкімет пен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын қолдай отырып, келесі қадамдарды қабылдады:

Жеке тұлғалар бойынша:

1. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап, Қазақстанда төтенше жағдайдың әрекет ету мер­зіміне дейін Банк осы төтенше жағдай салдарынан төлем мер­зімі өткен кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Барлық іс әре­кеттерді Банк өзі автоматты түрде орындайды. Ол үшін Банкке арнайы келудің қажеті жоқ;

2. Қазақстанда орын ал­ған төтенше жағдайдың сал­дарынан төлем мерзімі 90 күннен асқан кепілсіз тұ­ты­нушылық заемдар бойынша ҚР заңнамасына тиісті толық­тырулар қабылданғанда және олар өз күшіне енген күн­нен бастап, Банк пайыздық сыйақының есептелуін тоқта­тады. Жоғарыда аталған есеп­теулер тоқтатылғанда Банк қосымша хабарлайтын болады.

ЖК және ШОБ субъектілері бойынша:

 3. Банк жеке тәртіпте кредит­тер бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін 90 күнге дейін ұзартады (төлемдердің жаңа кестесі қарастырылады). ШОБ клиенттері online-желі­лері арқылы (сайт, info@halykbank.kz) және заңды тұл­ға­ларға қызмет көрсететін бөлім­ше­лерге хабарласа алады  ( https://halykbank.kz/branches_atm).

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ

Жеке тұлғалар үшін — 7111 (Ұялы телефоннан тегін)

Заңды тұлғалар үшін — 9595 (Ұялы телефоннан тегін)

www.halykbank.kz 

Сбербанк

Сбербанк Қазақстан елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өз клиенттеріне қолдау көрсетуге дайын.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавируспен күреске бағытталған төтенше шаралардың қабылдануына байланысты Сбербанк осындай әрекеттер нәтижесінде қызметіне әсер еткен клиенттеріне көмек көрсетуге дайын екендігін білдіреді.

Бірінші кезекте, Сбербанк клиенттерге қашықтан қызмет түрін қайта ұйымдастырды. Клиенттерге кез келген уақытта Сбербанктің онлайн арналары қолжетімді.

Онда олар үйлерінен немесе офистен шықпай-ақ банк қызметтерін ала алады.

Банк республиканың бүкіл аумағында төтенше жағдай режимінің және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің енгізілуі көптеген жеке кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің, сондай-ақ жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған азаматтардың қаржылық жағдайына әсер ететінін түсінеді.  

Жоғарыда жазылғанға байланысты Банк Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларымен келісетіндігін білдіреді. 

Атап айтқанда, Банк клиенттер үшін мына­дай қолдау шараларын ұсынады:

 1. ҚР-да төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Сбербанк Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде жеке тұлғаларда — банк клиенттерінде туындаған төлемдердің өтіп кетуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Қарыз алушылар бұл мәселе бойынша Банкке өтініш жасамайды, Банк есептеудің күшін біржақты тәртіппен дербес жояды.

2. ҚНРДА мәлімдеген, жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұты­нушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салуды енгізу бойынша бастамасын назарға ала отырып, Банк заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістерді іске асырғаннан кейін тиісті іс-қимыл жасайды. Бұл ретте қарыз алушылар да Банкке өтініш жасамайды, барлығы біржақты тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Қаржылық жағдайы Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер енгізу нәтижесінде нашарлаған заңды тұлғаларға, шағын және орта кәсіп субъектілеріне жеке тәртіппен кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 90 күнге дейін мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі қаралады. Мерзімін кейінге қалдыру үшін Банктің филиалдарына жеке өтініш жасаудың қажеті жоқ, Сбербанк Бизнес Онлайн/Сбер Бизнес интернет банктің жүйесі арқылы өтініш жіберу жеткілікті. Өтінішті алған соң Банктің өкілі шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұрату үшін Сізбен байланысады.

 Сбербанк жоғарыда көрсетілген шаралар Банк клиенттерінің қаржылық әл-ауқатына, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына оң әсер етеді деп күтеді.

 Анықтама үшін:

Бүгінгі күні «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдар желісі бар, оның 17-сі филиал болып табылады. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

 «Сбербанк» АҚ ЕБ                                                                  

+7 (727) 250 00 60, +7 (727) 250 30 20

Тегін желі: 8 8000 80 60 60, тегін желі: 5030

ВТБ Банкі

ВТБ Банкі ТЖ режимінің енгізілуінен зардап шеккен қарыз алушыларға қолдау көрсетеді.

ВТБ Банкі (Қазақ­стан) Қазақ­стандағы төтенше жағ­дайға байланысты шектеу­лердің енгізілуі нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарла­ған кәсіпкерлер мен ша­ғын және орта бизнес субъек­тілерінің қарыздарын қайта құрылымдауға дайын. Төлемді 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру және бере­шекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі жеке тәртіппен қарастырылатын болады.

ШОБ клиенттерінен қайта құрылымдауға өтінімдер SMB_VTB@vtb-bank.kz электрондық поштасына 2020 жылғы 15 сәуірге дейін қабылданады.

 ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде жеке тұлғалар-кли­ент­терге қатысты ВТБ Банкі (Қазақстан) Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде қарыз алушыларда туындаған тө­лем­­дер мерзімінің өтуіне байланысты айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді. Ол үшін банкке жүгінудің қажеті жоқ.  

Төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына тиісті түзе­тулер қабылданғаннан және күшіне енгеннен кейін ВТБ Банкі (Қазақстан) жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен кепілсіз тұтыну қарыздары бойынша пайыздық сыйақы есептеуді тоқтатады. Бұл мәселе бойынша жеке тұлғалардың өтініштерін банк ТЖ режимі алынғаннан кейін қарайтын болады.

Банк ұжымы ахуалдың жылдам қалыпқа келетіндігіне сенім білдіреді және барлық клиенттеріне мықты денсаулық тілейді.

 ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан)

Тел: (727) 330-40-70

web: www.vtb-bank.kz

Kaspi Bank

Kaspi.kz клиенттерін қол­дау бағдарламасының іске қосылатындығы туралы Kaspi.kz хабарлады. 

«Kaspi Bank» АҚ Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағ­дар­ламасын іске қосу жә­не жұмысын жоғалтқан жә­не нәтижесінде уақытша қар­жылық қиындықтарға тап бол­ған тұлғаларға 2 айға төлемдер бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну туралы ше­шім қабылдады.

Клиенттерді қолдау бағ­дар­ламасына қатысу үшін өті­німді Kaspi.kz мобильдік қосымшасына 2 сәуірге дейін беруге болады. Kaspi Bank бұны клиенттердің ешқайда шықпауы үшін мобильдік қосымшада ғана іске асыруды жоспарлап отыр.

«Біз клиенттерімізге қол­дау көрсету үшін өз бағ­дар­ламамызды іске қосамыз деп шештік. Жұмыссыз қалған жә­не соның нәтижесінде уа­қытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерімізге кредиттері бойынша ай сайын­ғы төлемді екі айға кейінге қалдыруға мүмкіндік береміз», – деп хабарлады Kaspi.kz АҚ компаниясының акционері жә­не Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе.

 Кейінге қалдыру талаптары:

— Біріншіден, төлем бойын­ша кейінге қалдыру бағ­дар­ламасына қатысу үшін клиент­тің мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс.

— Екіншіден, төлемдерді кейінге қалдыру тек 18 наурызға дейін алынған қарыздар бойын­ша беріледі .

— Үшіншіден, төлемдер бойын­ша кейінге қалдырылған клиенттер қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредиттер ала алмайды.

 «Kaspi Bank» АҚ

Байланыс орталығы: 9999

https://kaspi.kz

ЦентрКредит Банкі

ЦентрКредит Банкі ШОБ қарыз алушылары үшін төлемдерді 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырудың енгізілгенін хабарлайды.

 «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ШОБ субъектілері үшін негізгі борыш пен сыйақы төлемдерін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырудың енгізілгенін хабарлайды. Бұл шаралар алдында хабарланған төтенше жағдай режиміне байланысты енгізіледі.

Банкте ШОБ клиенттеріне қолайлы болу үшін арнайы нысан әзірленді, оны толтырып, қол қойып, сканерлеп және restructuring@bcc.kz электрондық поштаға жіберу қажет.

Нысанды мұнда (сілтеме) алуға болады.

Әр хат дербес тәртіппен қаралатын болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі – 15.04.2020 жылға дейін.

«Қазіргі жағдайда үлкен салмақ экономиканың нақты секторына түсетіндігін жақсы түсінеміз, – деді ЦентрКредит Банкі Басқармасының Төрағасы Галим Хусаинов. – Осыған байланысты ЦентрКредит Банкі ТЖ режиміне байланысты шектеулер енгізілуі салдарынан бизнесі зардап шеккен қарыз алушыларымыздың борыш жүктемесін жеңілдету жөнінде кешенді шаралар енгізеді.

Бүгін Банк ШОБ қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға дайын. Қабылданған шаралар біздің бизнес-клиенттерімізді осы сәтте қолдайтындығына сенімдіміз. Мерзімін кейінге қалдыру бойынша барлық өтініш қаралатындығын жауапты түрде мәлімдеймін. Клиенттерге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын және орын алған ахуалды ауыртпалықсыз өткеруге тілектеспін».

Қабылданған шаралар туралы барлық қосымша ақпаратты Банктің менеджерлерінен не ЦКБ Call-орталығында телефондар арқылы алуға болады:

 Жеке тұлғалардың мерзімі кешіктірілген кепілсіз қарыздары бойынша айыппұл есептеуді тоқтататыны туралы

«ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап, төтенше жағдай кезеңінде жеке тұлғалардың кепілсіз қарыздары бойынша төлемдер бойынша мерзімін өткізіп алу 90 күннен асқан кезде айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейтінін хабарлайды.

 Бұл шара Банктің ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты кредит бойынша міндеттемелерін орындай алмайтын клиенттеріне қолданылады. Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін мерзімі өткен берешектің 50%-нан астамы 12 ай ішінде өтелген және кейіннен міндеттемелер орындалған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету бойынша мүмкіндік көзделеді.

Айыппұлдар есептеуді тоқтатудың автоматты режимде жүргізілетінін, клиенттерге Банктің бөлімшесіне келудің қажеттілігі жоқ екені атап өту қажет.

«ЦентрКредит Банкі», әлеуметтік бағдарланған институт ретінде біздің қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар кешенін енгізеді, — деп айтты ЦентрКредит Банкі Басқармасының Төрағасы Ғалым Құсайынов. – Біз, қабылданған іс-қимылдарды біздің клиенттердің ел үшін күрделі болып отырған кезеңде қолдайтынына сенімдіміз. Клиенттерімізге Банкке сенім білдіргені және түзу көзқарасы үшін алғысымызды білдіреміз.

Банк реттеушінің бастамаларын және клиенттеріміздің ниеттерін әрқашан қолдайды. Сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің өз қызметін стандартты режимде жүзеге асыруын жалғастыратынын атап өткім келеді. Бөлімшелерде антисептикалық қорғаныш шаралары күшейтіледі».

Қабылданған шаралар туралы барлық қосымша ақпаратты Банктің менеджерлерінен не ЦКБ Call-орталығынан мына телефондар бойынша алуға болады:

«ЦентрКредит Банк» АҚ

Жеке тұғалалар үшін:

+7 (727) 244 30 30

505 – мобильді телефоннан тегін

 Заңды тұлғалар үшін:

+7 (727) 244 30 44

605 – мобильді телефоннан тегін

Еуразиялық банк

Еуразиялық банк ТЖ кезінде қиын жағдайға тап болған қарыз алушыларды қолдайды.

«Еуразиялық банк» АҚ ко­ронавирус індетіне байла­нысты елде төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде кредиттерді өтеу қиындықтарына тап болған қа­­­рыз алушыларға қолдау көр­сетеді.

Банк Қазақстан Республи­ка­­сы Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігінің айыппұлдар мен өсімпұлдарды жою, сон­дай-ақ төтенше жағ­дай­дың ен­­гізілуіне байланысты эконо­ми­калық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға – жеке және заңды тұлғаларға қарызды өтеу мерзімін ұзарту жөніндегі бастамасын толығымен қол­дайды.

Қазіргі уақытта Еуразиялық банк азаматтардан және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін әзірлеуде, бұл жөнінде қо­сым­ша хабарлайды. Қарыз алу­шылардан – жеке тұлғалардан – мерзімін ұзартуға өтініш және жұмыс берушінің қызметкердің еңбек шартын өзгерту және экономикалық жағдайын на­шар­лату туралы бұйрық/хат/хабарлама сияқты растайтын құжат талап етіледі. Мысалы, ақы төленбейтін демалыс ту­­ралы бұйрық, жалақыны азайту, еңбек шартын бұзу, жалға алу/қызмет шартын тоқтату (тоқтата тұру) туралы хабарлама немесе басқалар.

Жеке тұлғалар бойынша –жоғарыда көрсетілген құжат­тарды ұсынуға мүмкіндігі жоқ дара кәсіпкерлер (ДК) өтініштері өтініш бойынша және ДК тіркеу куәлігін немесе салық сайттағы парағын скриншот жа­сап ұсыну бойынша қаралады.

Клиенттер – жеке тұлға­лардың өтініштеріне арналған байланыс телефондары:

+7 (771) 000-77-22 — Beeline;

+7 (700) 000-77-22 — Tele2/Altel;

+7 (702) 000-77-22 — Kcell/activ.

Клиенттер – заңды тұлға­лардың өтініштеріне арналған байланыс телефондары:

+ 7 (776) 217-11-11 — Beeline;

+ 7 (778) 217-11-11— Kcell/activ;

+ 7 (747) 217-11-11 — Tele2/Altel.

 «Еуразиялық банк» АҚ

Тел.: +7 (727) 332-77-22

E-mail: contactcenter@eubank.kz eubank.kz

 «ForteBank»

«ForteBank» АҚ ТЖ кезеңінде кредиттерді өтеген кезде жеңілдіктер береді.

 2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді. ForteBank қиын жағдайға ұшыраған өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін және ҚР Үкіметі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын ескере отырып мынаны хабарлайды:

 Жеке тұлғалар бойынша

 Банк клиенттердің өтініш жасауына қарай кредиттер бойынша міндеттемелерді орындауды жеке тәртіппен 90 күнге дейін мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады. Банк ТЖ кезеңінде жеке тұлғаларда туындаған төлемдердің кешіктірілуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

Жеке тұлғалардың қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептемеу тоқтатыла тұрады.

 ДК және ШОБ субъектілері бойынша

 Жеке тәртіппен банк кредиттік міндеттемелер бойынша тө­лем мерзімін кейінге қалдыруды күнтізбелік 90 күнге дейін береді.

Мерзімін кейінге қалдыру қаржылық жай-күйі Қазақстандағы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулерді енгізу нәтижесінде нашарлаған дара кәсіпкерлерге және шағын және орта бизнес субъектілеріне беріледі.

БЖК 2020, БЖК 2025 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қарыздар бойынша мерзімін кейінге қалдырған кезде ДАМУ КДҚ-мен қосымша келісу талап етіледі.

 Құжаттарды беру

Банкке өтініш жасау үшін клиенттердің бөлімшелерге келуі қажет емес.

Вирустың таралуын шектеу мақсатында ForteBank мынадай цифрлық коммуникациялар арналары арқылы құжат айналымын ұйымдастырады: сайт, мобильді қосымша, электрондық пошта.

Жеке тұлғалар, сондай-ақ ДК және ШОБ субъектілері өздерінің өтінішіне қаржылық жай-күйінің нашарлағанын растайтын сканерленген құжаттарын қоса бере алады.

Толық нұсқаулық және қажетті құжаттардың нақты тізімі Банктің сайтында таяу уақытта жарияланатын болады.

ForteBank өзінің барлық клиенттеріне ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта Банк клиенттерге үздіксіз қызмет көрсету үшін операциялық бөлімшелерін жаппау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ санитарлық шараларды күшейтіп, клиенттер барлық арналар бойынша уақытылы ақпарат алу үшін колл-орталықтың көлемін ұлғайтты.

Цифрлық арналардан басқа, ForteBank клиенттері 7575 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласа алады. Банктің ТЖ кезеңіндегі жұмысы туралы ақпарат пен жаңалықтар https://forte.kz/covid19 арнайы бетінде жаңартылатын болады.

 ForteBank АҚ

Байланыс орталығы: 7575 callcenter@fortebank.com www.forte.kz

АТФБанк

АТФБанк өзінің клиент­терінің мүддесін ҚР-дағы төтенше жағдай кезінде қалай қорғайды?

 Отандық бизнес үшін, сол сияқты қарапайым азаматтарға тәуекелдерді жеңілдету үшін,АТФБанк төтенше жағдай режимі қаржылық жай-күйіне әсер еткен клиенттерді қолдау бойынша белсенді шаралар қабылдайды.

АТФБанк не істейді:

• ТЖ кезеңінде АТФБанк клиенттеріне кредиттер бойынша төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді. Бұл ретте жеке тұлғаларға ешнәрсе жасаудың және банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ, барлығы автоматты түрде орындалады;

• кепілсіз тұтынушылық кредиттері бар клиенттер-жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен асқан жағдайда АТФБанк пайыздық сыйақы есептемейді. Бұл жағдайда да клиенттерге банкке жүгінудің қажеті жоқ, тек ҚР заңнамасына тиісті түзетулердің күшіне енгізілуін күту қажет.

• ДК және ШОБ субъектілері үшін, егер ТЖ режимі олардың бизнесіне кері әсерін тигізсе, АТФБанк төлемдер бойынша 90 күнге дейінгі мерзіммен кейінге қалдыру және кредиттер бойын­ша өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігін жеке тәртіппен қарауға дайын. Бұл үшін клиенттер өзінің қызметін тоқтатқаны немесе тоқтата тұрғанын растауы қажет.

Өтініш беру кезінде кәсіп­керлер кез келген қолайлы онлайн арнасын пайдалана ала­ды, олар: ATFonline интернет-банкингі, ATFBusiness ұялы қосымшасы, atfbank.kz банк сайты, сондай-ақinfo@atfbank.kz электрондық поштасы. Толық нұсқаулық банктің бар­лық онлайн ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылатын болады.

АТФ Банк төмендегіні хабарлайды:

 АТФ Банкі Басқармасының Төрағасы Сергей Коваленко мынадай түсініктеме берді:

«Банк командасы өз клиенттерін қолдауға және ТЖ режимінің олардың қаржылық жағдайына әсер етуін барынша азайтуға күш салады. Банк қызметтері толығымен қолжетімді, клиенттер өз қалауы бойынша АТФ банктің барлық бөлімшелерінен ала алады, онлайн-сервистер арқылы клиенттеріміз кез келген уақытта және кез келген жерде өз қаражатын басқара алады».

АТФ Банк төтенше жағдайда өз бөлімшелерінде толық көлемде қызмет көрсетуімен қатар клиенттерді мынадай цифрлық платформаларды пай­далану арқылы қашық­тық­тан қызмет көрсетуге көшеді:

— жеке тұлғалар үшін интернет-банкинг ATF24,

— ATFBusiness – дара кәсіпкерлер үшін,

— ATFOnline – заңды тұлғалар үшін.

АТФ Банк өз клиенттері мен серіктестерін жағдайдың өзгеруіне қарай хабардар етуін жалғастырады және әрқашанда орталықтың 2424 телефоны байланыста болады.

Банктің Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 17 филиалы және бөлімшелері мен банкоматтарының желісі­нен кеңінен таралған.

 «АТФБанк» АҚ

Тел.: 8 8000 800 283

Тел.: +7 727 258 30 74, +7 727 258 38 88

contactcentre@atfbank.kz

info@atfbank.kzwww.atfbank.kz

«Банк Хоум Кредит»

«Банк Хоум Кредит» кли­енттері мен олардың отба­сыларына қолдау көрсетеді

«Кредит шартымен бірге «Қаржылық қорғаныш» қызметі бар клиенттерден басқа банк қиын жағдайда қалған барлық клиенттеріне қосымша қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қазақстанның аумағында төтенше жағдайдың (ТЖ) және жекелеген облыстарда карантиннің енгізілуіне байла­нысты «Банк Хоум Кредит» клиенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін 3 негізгі шешім қабылдады:

 ТЖ қолданыста болатын кезеңде (2020 жылғы 16 нау­рыздан бастап) кредиттер мен кредит карточкалары бойынша мерзімі өткен төлемдер бойын­ша клиенттерге тұрақсыздық айыбы есептелмейді. 90 күн­­нен аса мерзімі өткен кре­дит шарттары бойынша ТЖ кезеңінде есептелген сый­ақының да күші жойылуға тиіс. Клиенттердің Банкке өтініш жасауы қажет емес.

Елдегі ТЖ салдарынан жұ­мысынан айрылған клиенттер төлемдерін 2 айға кейінге қалдырады (Банктен кредит демалысын алады). Кредит демалысын алу үшін клиенттер Банкке мобильдік қосымша арқылы өтініш жасауы немесе Банк бөлімшесіне баруы қа­жет. ТЖ енгізілген кезде кли­енттерде мерзімі өткен төлем болмауға тиіс. Кредит демалысы 18 наурызға дейін жасалған және ай сайынғы төлемдері ТЖ енгізілген кезең­де жүргізілетін кредит шарттары үшін қолжетімді. Қосымша ақпарат Банктің сайтында және мобильдік қосымшасында 1 сәуірден бастап жарияланады.

3.     20 наурыз – 15 сәуір ара­лығында «Home Card» дебет карточкасының және «ДОС» кредит карточкасының иелері:

-Chocofood;

-DODO Pizza;

-Glovo;

-IVI;

-Megogo;

-Яндекс.Еда;

-Netflix сервистері арқылы жасалған әрбір тапсырысқа банктен қосымша 10%-дық кешбэкпен қамтамасыз еті­леді.

 Үйде уақытты ыңғайлы әрі ұтымды пайдалану үшін клиенттеріміз мынадай қосымша қызметтер ала алады:

 — Бүкіл отбасымен Bookmate онлай н-кітапханасында кітаптарды бір ай тегін оқи алады. Банктің карточкаларын қосып, «HomeCreditOtbasy» промокодын енгізу арқылы сервиске жаңа клиенттер де жазыла алады.

— Бүкіл отбасы болып IVI онлайн-кинотеатрында сүйік­ті фильмдерді бір ай тегін кө­реді. Банктің карточкаларын қосып, «HomeCreditOtbasy» про­­мокодын енгізу арқылы сер­виске жаңа клиенттер де жазыла алады.

— Яндекс.Таксиде 3 рет 50%-дық жеңілдікпен бүкіл от­басымен қаланың ішінде жүре алады.

Промокодты алу және пай­далану жөніндегі барлық ақпарат Home Credit Bank Kazakhstan мобильдік қосым­шасында қолжетімді.

 Банк Хоум Кредит АҚ

Тел. : +7 727 244 54 77, +7 771 724 12 40 ( күн сайын сағат 08: 00- ден 22:00-ге дейін)

Jýsan Bank

Jýsan Bank клиенттеріне қолдау көрсетеді

 Үкіметтің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚНА шараларына қолдау көрсете отырып, Jýsan BankҚазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуі нәтижесінде қаржылық  жағдайы нашарлаған клиенттерге көмек көрсетуге бағытталған бірқатар бастамаларды дайындады.

Ағымдағы жылғы 18 наурызға дейін кредит беріл­ген және ағымдағы жылғы 16 наурызда мерзімі өткен берешегі жоқ барлық жеке тұл­ғаларға, шағын және ор­та бизнес субъектілеріне қатысты осындай бастамалар шеңберінде мыналар көзде­леді.

Жеке тұлғалар үшін:

1. Тұтыну кредиттері бойын­ша негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеудің күшін жою. Аталған шараны банк өзі жүзеге асырады, клиенттердің банк бөлімшелеріне келуі қажет емес;

2. Қарыз алушының өтініші және растайтын құжаттарын ұсынуы негізінде жеке тәртіппен банк негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді: кепілді қарыздар бойынша төлемді кейіннен қайта есептей отырып, кепілсіз қарыздар бойынша банктік қарыз шартының мерзімін тиісінше ұзарта отырып, 60 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға мүмкіндік бере алады.

 Дара кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін:

 1.     Қарыз алушының өтініші негізінде, жеке қарау тәртібінде банк төлемдерді кейіннен қайта есептей отырып, негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді 90 күнге дейін кейінге қалдыруға мүмкіндік беруі мүмкін;

2.     Егер төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде мерзімі өткен төлемдер қалыптасқан жағдайда қарыз алушының өтініші негізінде негізгі борышы мен сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеу тоқтатыла тұрады.

Карантин шеңберінде алдын алу шараларын сақтау мақсатында Jýsan Bank клиенттеріне электрондық пош­таның, мобильдік қосымшаның және басқа да байланыс арналарының көмегімен өтініш жасау мүмкіндігін береді. Егер қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы өтініш жасау мүмкіндігі болмаса, өтініштерді банк бөлімшелеріндегі арнайы жәшіктерде қалдыруға болады. Өтініштерді мобильдік қосымша арқылы ресімдеу және беру жеке тұлғалар үшін жақын уақытта қолжетімді болады.

«Жусан Банк клиенттері қиын уақытта біздің көмегімізді алатындығына сенімді бол­ғанын қалаймыз. Қазір біз 7711 нөмірі бойынша арнайы жедел байланыс желісін аштық, онда клиенттер тәулік бойы кеңес ала алады. Тәуекелі жоғары аймақтағы 65 жастан асқан клиенттер үшін үйден қауіпсіз қызмет көрсету үшін де бірқатар шаралар қабылдап жатырмыз», – деп атап өтті Jýsan Bank Басқарма Төрағасы Айбек Қайып.

Банктің төтенше жағдай ре­жиміндегі жұмысына жә­не жоғарыда жазылған баста­маларға қатысты барлық өті­ніштерді info@jysanbank.kz электрондық поштасына жіберуге де болады.

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ

Телефондар: 58-77-11 (Қазақстанның 16 қаласы үшін бірыңғай нөмір)

8 800 080 25 25 (Қала телефондарынан тегін қоңырау шалу)

Факс: +7 (7172) 770-195

E-mail: info@jysanbank.kz

jysanbank.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here