Қазалыда төтенше жағдай режимін бұзғандар жазаланды

0
152

Қазалыда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан әкімінің тапсырмасымен мобильдік топ құрылып, 18 наурыздан бастап күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары қамтылуда.

Мобильдік топ мүшелері рейд кезінде төтенше жағдай режимін бұзған 2 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Кеше Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді байланыс жүйесін қолдану арқылы аталған азаматтарға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабымен қозғалған әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулысымен азамат М.-ға 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу, ал азаматша А.-ның тәрбиесінде 14 жасқа толмаған, яғни кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты 26 510 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here