Коронавирус Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына жетті

0
196

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы табылды.

Осылайша індетті жұқтырғандардың саны 72 адамға жетті.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.

16 наурыздан 15 сәуірге дейін бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here