Жұлдыз жорамал: Сәтсіздік соңы сәттілік

0
268

ТОҚТЫ

Апта бойы күшіңізді өзіңізге қатысты жұмыстарға арнағаныңыз абзал. Өйткені, басқаларға қол ұшын созамын деген ниетіңіз сәтсіз болуы мүмкін. Ал апта соңында  күтпеген тосынсыйларға куә боласыз. Бұрын шешімін таппай жүрген қаржы немесе одан өзге өзекті мәселенің реттелер күні алыс емес. Сондай-ақ, жұмыстан тыс уақытта да қызметіңізге мән беріңіз. Көптен бері ойлап жүрген жоспарларыңыз жүзеге асуына мүмкіндік бар. 

ТОРПАҚ

Бұл апта торпақ үшін сәттілікке толы болады. Өйткені, бұлт артынан шыққан күндей сәтсіздіктерден соң қуаныш еселеп келмек.Алайда, апта басында басшылыққа немесе сүйікті адамыңызға деген сенімсіздік күшейеді. Жұмысыңыздың жемісін көруге деген ұмтылысыңызға әлдебіреулер қызғаныш сезіммен қарауы мүмкін. Бірақ, сіз үшін олардың пікірі маңызды болмауы керек. Сәттіліктің құпиясымен  және өзіңізге ғана тиесілі мәліметтермен көпшілікпен бөліспеңіз. 

ЕГІЗДЕР

Кәсіп саласындағы бір айға лайықталған жұмысты бір апта ішінде аяқтауға мәжбүр боласыз. Қандай да бір шешім қабылдар алдында әбден ойланғаныңыз дұрыс. Егіздер әр жұмысына жауапкершілікпен қарағандықтан болар, өзгелер де көмек қолын созуға әзір болады. Махаббат әлемінде сіз үшін ешқандай келеңсіздік туындамайды. Өзіңізге жақын жандар барлық бастамаларыңызға қолдау білдіреді. Ал сізге көмек беруге қолқа тастаған жандарға жанашырлықпен жауап беру керектігін естен шығармаңыз. 

ШАЯН

Алдағы апта шаян үшін өте қолайлы болады. Таңдау жасау үшін де қиындыққа тап болмайсыз. Қандай да бір жиындарға қатыспасаңыз да, өзіңіздің тұлға екеніңізді ұмытпағаныңыз дұрыс.Егер өзгерудің сәті туды десеңіз, өзгелердің ұстанымдарына назар салмаңыз. 

АРЫСТАН

Келесі аптада арыстандардың кәсіпкерлік саласындағы деген жоспарлары сәтті жүзеге асады. Түйіні табылмай жүрген күрделі мәселелеріңіз күтпеген сәтте шешімін табады. Аптаның ортасында өзгелер тарапынан ұтымды ұсыныс түседі. Жалғызбасты арыстандар апта соңында жаңа таныстыққа кез болады. Ал  отбасы барлар үшін сәтсіз сәттер болуы мүмкін. Бірақ, бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін ойластырған жоспарларыңыздың бірі сәтті жүзеге асуы мүмкін. 

БИКЕШ

Жеке жоспарларыңызға жету үшін біреуге қысым көрсетуді құп көрмейсіз. Сондықтан, сыртқы ортамен жиі байланыс орнатпаңыз. Өзіңізде бар ақпараттарға тиісті талдау жасау арқылы жоспарларыңызды бекітіңіз. Тұлғалық дамуды қолға алып, әртүрлі сала негізінде біліміңізді жетілдіруге көбірек уақыт бөлгеніңіз жөн. 

ТАРАЗЫ

Таразылар өз мақсаттарына жету үшін әртүрлі әрі тың ойларға жүгінеді. Кейде ерекше жоспарларды жүзеге асыру да жеткіліксіз. Сондай-ақ, олардың артықшылығы пікірталас барысында сөз таластырып, көпшілікті өз сөзіне сендіре алуында. Барлық бастамалар тек дайындық арқылы жүзеге асатыны айқын. Мансаптық өсу үшін және жалақыңыздың көтерілуі үшін жауапкершілігіңізді арттырғаныңыз дұрыс. 

САРЫШАЯН

Егер өзіңіз күткен жанның сізге деген сезімін білгіңіз келсе, көп ұзамай бұл сауалға жауап аласыз. Көптен бері толғандырған ойыңызға жауапты романтикалық бағытта алуыңыз мүмкін. Сіз үшін біраз құпия болған мәліметтер жарияланатын апта. Түсінспеушілік болуы да ықтимал. Бірақ, күліп жүруді әркез естен шығармаңыз. 

МЕРГЕН

Апта басында таңдаған бағыттың уақыт өте келе дұрыс қадам екеніне көз жеткізесіз. Өзіңіздің адамгершілік қасиетіңіз бен жылдамдығыңызды көпшілік ескеріп, мақтайды.  Өз құндылығыңызды білетіндіктен, көздеген қадамыңыздан айнымаңыз. Ертеңгі күннің сәтті өтуі бүгінгі әрекетіңізге тікелей байланысты. Демалыс күндеріңізді де жоспарлай аласыз. Сол уақытта ойға алған жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік туады. 

ТАУЕШКІ

Өзіңіздің бойыңыздағы қасиеттерді бағаламайсыз. Бұл апта сіздің жаңа бастамаларыңыз үшін тиімсіз болуы мүмкін. Бірақ, тауешкілер әрқашан бір емес бірнеше жоспарды алдын ала әзірлеп жүреді. Бірі сәтсіз болса, келесі қадамға көшіңіз. Жетістікке жету үшін алдыңғы қатардан көрінуге міндетті емессіз. Сіздің әр бастамаңызға қолдау білдіретін жақындарыңыздың барын ұмытпаңыз. 

СУҚҰЙҒЫШ

Келер аптаның бастапқы күндері қабілетіңізді шыңдап, мақсатыңызды жүзеге асыруға қолайлы. Өзгелерге ұқсамайтын өзгеше жолыңыздан таймаңыз. Қалауыңыз бен тандауыңызды назарға алып, арманыңыздағыдай өмір сүріңіз. Барлық күшіңізді басқа адамдардың мәселелерін шешуге жұмсап, шалыс басқан жақындарыңызға дұрыс жөн сілтей аласыз. Бірақ, басқалардың өміріне араласып, билігіңізді жүргізе алмайтыныңызды ескеріңіз. 

БАЛЫҚТАР

Балықтар келер аптада ұзақ мерзімді жоспарларының орындалуы үшін тиісті қағиданы қабылдаған дұрыс. Сәтсіздікке толы сәттер болғанымен күрделі мәселелеріңіз шешімін табады. Кішігірім келеңсіздіктерге күліп қарасаңыз, аптаның ортасында жағымды жаңалық естисіз. Ескі достарыңыздың тарапынан немесе жақын араласатын әріптестеріңізден кездесу туралы ұсыныс айтылса, қалмауға тырысыңыз. Бұл әдеттегідей жай кездесулердің бірі болмауы да мүмкін. 

Дайындаған А.КАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here