Антисептикалық құрал күтіп алады

0
104

  Елімізде короновирус індетіне шалдыққандар анықталғалы біздің өңірде аталған жұқпалы аурудың алдын алуға және белең алмауына қатысты шаралар күн сайын пысықталуда. Президенттің жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі тарапынан тапсырламалар мен талаптардың орындалуы қадағалауға алынды. Бұл жолы мезгілге бағынбай міндеттерін атқарған әкімдіктегілер шұғыл рейд ұйымдастырып, қалаға қарасты кафелер мен мейрамханалардағы міндеттердің орындалуын бақылауға алды.    Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын әлеуметтік нысандардағы дезинфекциялық шаралардың пысықталу деңгейі де тексерілуде. Осы мақсатта қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар нысандарды аралап, тұрғындарға сақтық шараларға бей-жай қарамауды ескертті. 

  Қала басшысының алғашқы бағыты халық көп шоғырланатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болды. Орталық ішіне бас сұққан Нұрлыбек Машбекұлы қала тұрғындары үшін көрсетілетін қызмет түрлерін тек ғимарат ішіне ғана емес, сыртына да ұйымдастыруды талап етті. Тіпті, кезек күтішулер үшін корпорация алдында қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Сондай-ақ, Қайруллаевқа қызылордалықтар орталыққа келіп әуреленбей, қызмет түрлерін электронды әдіс негізінде де орындалатынын насихаттауды жүктеді.  Себеп — төтенше жағдай уақытында көпшіліктің бір ортада жиналмауын басты назарға алу. Міндет – халықтың денсаулығына жауапсыз қарамау. 

    Күніне 1000-ға жуық азамат келетін қызмет көрсету орталығына қарантин жарияланғалы келушілердің саны азайған көрінеді. 

-Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 642 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, 608-і egov.kz порталы арқылы жүзеге асады. Әлемдік індеттің алдын алу үшін, арнайы байланыс жүйелері де жұмыс істейді. Көпшілік халыққа қызмет көрсету орталығына келмей, 14-14 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпараттарды ала алады. Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қауіпсіздіктің алдын алу үшін азаматтардың топтап тұрмай, кезекпен кірулерін қадағалаймыз. Тұрғындардың осы ережеге мойынсұнып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз, — деді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев.  

Филиал директоры Айдын Қайруллаев қызметкерлерін бетпердемен қамтып, қауіпсіздік шараларды күшейткен. Әйткенмен, директор антисептикалық қорғаныш құралдарына алдын ала берілген тапсырыс, түстен кейін жеткізілетін айтты. Бақылауымызға сәйкес, сөзінде тұрған басшы дизенфекциялық шараларға бұрынғыдан да мән беріп, халыққа электронды және байланыс телефондары арқылы қызмет көрсету жүйесіне басымдық беруде. 

Нұрлыбек Машбекұлының келесі аялдамасы – «Қазпочта» мекемесі. Ескі базар маңында орналасқан бұл орталыққа бүгінде қала тұрғындары тарапынан біраз шағым түскен. Жауапты маман карантин уақытында келушілердің саны азайғанымен, зейнетақыға қатысты үлкен кісілердің түрлі сауалдармен келетінін тілге тиек етті.  Қала басшысы егде жастағы тұрғындардың мүмкіндігінше қоғамдық орындарға жиі бас сұқпауын қадағалап, зейнетақыны карта жүйесі арқылы алуға қатысты шараларды тез арада ұйымдастыру қажеттігін тапсырды. Аталған мекеме соңғы уақытта үлкенді-кішінің аузынан түспейтін «антисептикалық» құралдармен де қамтамасыз етілмеген. Әкімді көрген соң сасқалақтады ма, қызметкерлер өздеріне тиесілі аталмыш қорғаныш құралдарын шығара бастады. Нұрлыбек Машбекұлы мекеменің ішкі және сыртқы келбетінің келушілер үшін қолайсыздығын да қатаң сыңға алып, қалаға қарасты 17 қазпочта бөлімшелерінде аты шулы індеттің алдын алуға бағытталған талаптардың орындалуын мықтап тапсырды.  

  Еліміз бойынша емханаларға карантиндік режим жарияланса да, дәрігерлер мезгілге бағынбастан тік тұрып қызмет етуді мақсат етуде. Мәселен, Тасбөгет кентінде орналасқан 4 қалалық емхана қызметкерлері сақтық шараларын қатаң ұстанған. Мекемеге келушілерді дәрігерлерден бұрын  антисептикалық құралдар күтіп алады. Қала басшысы бұл мекемеге барғанда талаптардың сақталуына куә болып, жұмыс жүйесіне деген жауапкершілікті бұрғынғыдан да күшейтуді жүктеді. Бас дәрігер Бахыт Піржанова түйткілді мәселенің жоқтығын жеткізіп, барлығы 4 елді мекеннің тұрғындарына қызмет көрсетіліп жатқанын атап өтті. Ақ халатты абзал жандар төтенше жағдай уақытында 1 жасқа дейінгі бүлдіршіндер және үлкен кісілердің үйлеріне барып, қызмет көрсетуді қолға алған. 

А.Әлиарыстан

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here