Виртуалды сот

0
164

Бәрімізге белгілі 2018 жылдан бастап сот жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот әділдігінің Жеті түйін» басымды бағаттары қабылданып, жүзеге асырылуда.

Аталған бағыттардың бірі сот саласында заманауи жетістіктерді қолдану арқылы соттасу төңірегіне түскен тұлғалардың жағдайын жеңілдету болып есептеледі.

Осы бағыттардың бірі болып – «SMART СОТ» деген түйін есептеледі. Бұл түйін төңірегінде сот тарапынан іске қатысушылар сот процесіне келе алмаған жағдайда тиісті құрылғылармен интернет байланыс жүйелері арқылы олардың қатысуы қамтамасыз етіледі. 

Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен дүние жүзінде дамыған елдер – Америка құрама штаттары (АҚШ), Қытай, Сингапур және Біріккен Әмірлік Эмираттарының сот тәжірибесі зерттеліп, Қазақстанның сот жүйесіне ынғайланып енгізілуде.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Сот әділдігінің Жеті түйін» басымды бағыттарының бірі «SMART СОТ» төңірегінде «TrueConf» бағдарламасы арқылы сот процесіне әр-түрлі себептермен келе алмаған тұлғалардың құқықтарының сақталуы қамтамасыз етіліп, виртуалды түрде сот мәжілісіне «Смартфон» құрылғысы арқылы қатысқан. 

Әкімшілік сотымен қажеттілігіне орай, Виртуалды сот арқылы 2018 жылы 49 әкімшілік іс қаралса, 2019 жылы 33 әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы іс «TrueConf»  мобильді байланысты  арқылы  қаралған  болса,  477 әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы іс   бейне конференция байланысы арқылы  қаралып, өз нәтижесін тапқан.

Мысалы, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға Б. 23 ақпан 2020 жылы, сағат 04:43 минут шамасында Қызылорда қаласы, И.Амангелді мен Ж.Баһадүр көшелері қиылысында өзінің автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі Қағидасының 2-бөлімі 4-тармағы 2-тармақшасының талаптарын бұзған үшін, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметімен оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.

Сот процесіне өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға Б. «TrueConf» интернет бағдарламасы арқылы қатысып, аталған әкімшілік іс қаралып, өз шешіміндер кезінде тапты.  

Қорытындылай келе отыра, «SMART СОТ» арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген басымды бағыттардың бірі, яғни әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар деген талапты қамтамасыз етеді деп есептеледі.     

Қызылорда қаласының

мамандандырылған әкімшілік

сотының судьясы                                                                           Ш.Қожантаев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here