Біртанов: Қазақстанның екі азаматынан коронавирус табылды

0
261

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үш айдан бері біз коронавирусқа Қазақстанда жол бермеу бойынша көп шараны іске асырған едік. Бірақ өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматында коронавирус инфекциясы табылды. Бүгін біздің Алматыдағы лабораторияда Қазақстанның екі азаматынан коронавирус расталды. Олар Германиядан келгендер», — деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған. Қазір барлық шара бекітілген алгоритм бойынша жүргізіліп жатыр.

Коронавирус инфекциясына шалдықты деп күдіктелген тұлғада аурудың клиникалық белгісі жоқ.

Эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар.

— карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген;

— медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті;

— медициналық персонал толық дайын;

— сұрақ туған жағдайда, 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here