ҰБТ кейінге шегерілді

0
403

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ақылы ұлттық бірыңғай тестілеудің кейінге шегерілгенін мәлімдеді.

«Бүгінде ұлттық бірыңғай тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Кезекті ақылы ҰБТ наурыздың соңында өткізіледі деген жоспар болған. Біз осы тесті кейінге қалдырдық. Ал жазғы ҰБТ шегеріле ме, жоқ па, оған дейін әлі уақыт бар. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Жақындағанда нақты шешім шығарамыз», — деді Аймағамбетов арнайы баспасөз мәслихатында.

Тоқаевтың тапсырмасы

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыған байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі. 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады.

Бұдан бөлек, барлық қоғамдық ұйым арнайы режимге көшетді. Жалпы, мынадай шаралар қарастырылған:

  • Денсаулық  сақтау ұйымдары, қоғамдық көпшілік орындары, білім беру ұйымдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, қоммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі орындары, базарлар, қонақ үйлер, әуежайлар мен вокзалдарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізу;
  • Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға шектеу қою;
  • Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу;
  • Қоғамдық көлікті жуу мен дезинфекциялау, орта білім беру ұйымдарының 2020 жылдың 16 наурызы мен бастап 5 сәуірі аралығында каникулға шығуын қамтамасыз ету;
  • 16 наурыздан бастап колледж бен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру;
  • 1″а», 1″б», екінші және үшінші санаттағы елдерге халықаралық спорт, мәдени, туристік шараларға тыйым салу сияқты уақытша шектеу енгізу.

sputniknews.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here