Бөлім есігі күнде «ашық»…

0
413

Осы аптаның сейсенбісінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қалаға қарасты 7 ауылдық округте; 2 кентте; қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде; қалалық білім бөлімінде; қалалық сәулет және қала құрылысы; қалалық жер қатынастары; қалалық ауыл шаруашылығы: Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінде «ашық есік» күні өтті.

«Әр келген сайын түрлі мәселелермен келемін. Білім бөлімінің мамандарына ризамын. Дер кезінде жұмыстарым оң шешімін табады. Қалаған уақытта ғимаратқа кіріп, тиісті мамандармен мәселелерім бойынша жұмыс жасаймын. Сондай-ақ, мұндағы мамандар сауатты, жан-жақты деп толықтай айта аламын». Бұл Бағдагүл Жұбатханова есімді қала тұрғының «ашық есік» күніне келгенде айтқан пікірі.

Жалпы, қай саланың болсын мамандары кез келген сәтте қала тұрғындарын мазалаған, шешімін таппай тұрған мәселелері мен сауалдарына жауап бере алуы керек. Біз барған Қызылорда қалалық білім бөлімінің мамандары тек арнайы белгіленген «ашық есік» күнінде ғана емес, әркез тұрғындар мәселесіне жауап бере алатындықтарын байқатты. 

Қызылорда қалалық білім бөліміне келген әрбір ата-ана болашағы баласының қамы үшін зыр жүгіруде. Қазіргі таңда, көптеген ата-ана жұмыстан қолы қалт етсе, балаларын балабақшаға, қосымша білім беру ұйымдарына жіберу секілді көптеген мәселелерімен осы бөлімге келеді. Осы жолғы «ашық есік» күніне келген қала тұрғыны Бағдагүл Жұбатханова: «Қандайда бір мәселелерім болса, басқа жақтарға барып табан тоздырмай-ақ осы бөлімге келемін. Балаларымның балабақшасы, қосымша білім алуына қажетті құжаттар мен оларды кезекке қою, жолдама алу сынды сұрақтарымның шешемін таба аламын», — деп бөлімдегі сала мамандарына ризашылығын білдірді.

Біз барған уақытта бүгін «ашық есік» күні дегенен бейхабар қала тұрғыны Ерсадық Омаров та жүрді. Ол өзінің 1 жарым жасар немересін әйелінің қамқорлы­ғына беру бойынша мәселесімен келген екен. Алдымен мұнда бас сұғу себебін айтқан еді. «Қызым бар. Тұрмыс құрған. Қазір ауырып жатыр. Сол қызым­нан бір немере қызым бар. Өз қызымның неме­ремді қарауға денсаулығы жарамайды. Сот арқылы «әрекетке қабілетсіз» деген шешім шығарылды. Ал, оның күйеуінің психикалық ауытқуы бар және олар ажырасқан. Сондықтан, немеремді өзіміздің (атасы мен әжесі) қамқорлығымызға алайын деп едім. Қазіргі таңда, балаға әжесі қарап отыр».

Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Бала құқығын қорғау» маманы Анар Ембергенова:

— Ең алдымен соттан немереңіздің әкесі «әрекетке қабілетсіз» деген шешім керек. Сонымен қатар, немереңіз заңды түрде әкесінің тегінде болса, сіз әкесімен бірге нотариусқа барып «қызымның әжесіне (аты-жөні) кәмелетке толмаған қызымды қорғаншы етіп тағайындауға келісім беремін», — деп әкесі заңды түрде келісу керек. Сондай-ақ, Ерсадық Омаров та нотариусқа бару арқылы немеремді әйелімнің қамқорлығына алуына келісім беремін» деген құжат алып келу қажет. Сол кезде ғана біз әрекетке көшіп, қаулы шығарып, мәселені басқа жерге бармай-ақ осы ғимаратта заңды түрде шешіп береміз.

Бауыр еті баласынан туған немересі үшін шырылдаған Ерсадық Омаровқа біздің көз алдымызда немересін қамқорлыққа алу үшін қажетті құжаттар тізімі берілді. Сондай-ақ, ол өзіне сауатты әрі нақты қызмет көрсеткен Анар Ембергенованың жұмысына қанағаттанды.

Қызылорда қалалық білім бөлімі мамандары «ашық есік» күнінсіз-ақ талай жанға күн сайын түрлі санаттағы қызмет түрлерін көрсетеді.

Қызылорда қалалық білім бөлімі мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

— қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;

-жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;

-кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру;

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медицианалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету;

-мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

-бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомствалық ба,ыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

-бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

-балаларға қосымша білім беру бойынша (қосымша білім беру) ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

-жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру ұсыну;

-мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

-негізгі орта, жалпы орта және жоғары білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

-мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;

-баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балалард) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

-бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою;

-жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;

-мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

-қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;

-дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

-негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру;

-балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырлыған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру;

-кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы білім және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жолдама беру;

-он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру;

-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында балалардың ауысуы немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;

-балаларды жалпы орта білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау;

Айта кеткен жөн, мұнда 1-6 жас аралағындағы әскери қызметтегі адамдардың, көпбалалы отбасылардың, ата-анасы мүгедек (1,2топ) ,  ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және биылғы жылдан бастап «Ұстаз мәртебесі» заңы бойынша педагогтардың балаларына балабақшаға орналасу, жолдама алу сынды т.б қызметтерді кезексіз-ақ пайдалануға жеңілдіктер қаралған.

Әрдайым қызметтеріне жүгінген қарапайым халыққа есігі айқара ашық болатын білім бөлімі, бұл жолғы «ашық есік» күнінде талай жанның мәселесін шешіп, сұрақтарына тиісті жауап берді.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here