Әйелдерге арналған әдемі көліктерді білесіз бе?

0
213

Қазіргі таңда, ерлермен қатар әйелдер қауымы да көлік тізгіндейді. Бұл таңырқайтын дүние емес. Дегендей-ақ, осы бір үй ханшайымдары бүгінгі күні қандай көлікке қызығады, олардың таңдауы қандай? Ендеше, “Автостат” ақпараттық-аналитикалық агенттігі жүргізген мына сауалнаманың рейтингісіне назар салыңыз.

Күтпеген жағдай. Сауалнама нәтижесінде алғашқы орынды “Chery” маркасы алды. Әйелдердің басым көпшілігі, яғни 24%-ы осы көлікті таңдады. Шамасы, қытайлық көліктің дизайны мен ашық түсіне қызыққан секілді.

Ал, “Daewoo” маркалы көлігі екінші орында. Өздеріне ыңғайлы, әрі кішкентай көлік біраз нәзік жандыларға ұнайтын көрінеді. Бұл кішкентай хэтчбек “Matiz” автокөлігі 22,5%-ды құрады.

Бұдан кейінгі үшінші орын қытайлық бренд “Lifan” көлігіне бұйырды. Үй бикелеріне ұнаған бұл көлік 20,3% дауыс жинады.

Украиналық әнші Елка “Кішкентай Пежодағы қыз” деп әндеткен еді. Бұл маркадағы (Peugeot) көлікте көп ханымның көңілінен шығып, 17,2%-ды құрады.

Байқап қарасаңыз, “Suzuki” көбінесе шағын автомобильдер шығарады. Ал бұл біраз бикештерге ұнайды екен. Тоқетерін айтқанда, жапон маркасымен шыққан “Suzuki” көліктері 16,9%-бен бесінші орыннан көрінді.

Дизайн жағынан өз тәжірибесі бар “Citroen” маркасы тым қатты артта қалмады. Көптеген әйелдер оның техникалық сипаттамасына назар аударып, бағалаған көрінеді. Сонымен, “Citroen” маркасы 16,3%-бен алтыншы орынды иеленді.

Тағы бір Қытай маркасы “Geely” 15,7%-бен, жетінші орында тұр. Нәзік жандылардың біразы осы көлікті тізгіндейтін секілді.

Міне қараңыз, елдегі ең танымал брендтердің бірі “Hyundai”  әйелдердің назарынан тыс қалыпты. Ханымдардың тек 12,7%-ы ғана “темір ат” ретінде “Hyundai” автокөліктерін таңдаған.

Бұл жолы әйелдердің өте жақсы көретін жапондық “Mazda” маркалы автокөлігі үздік бестікке кіре алмады. Ол тек 12,5%-бен тоғызыншы орында.

Алғашқы ондықты “Opel” маркалы автокөлігі тәмамдады. Олардың құлдырауына Ресейден кетуі әсер еткен сыңайлы. Негізі бұған дейін “Corsa” және “Astra” хэтчбектерімен жүрген әйелдер көп болған екен. Ал, қазір олардың үлесі бар-жоғы 11,75%.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here